Облыстық полиция департаменті көші-қон қызметінің қызметкерлері 2019 жылдан бері 8 және 7 жастағы ұлы мен қызына алимент төлеуден жалтарған азаматты іздеп тапты.
Тәртіп сақшылары оның Ақмола облысының Щучинск қаласында орналасқан жерін анықтады. Материалдар сот орындаушыларына жіберілді.
Жыл басынан бері көші-қон қызметі бөлімшелерінде айыппұлдар, борышкер мен алимент төлемеушілер немесе туыстық байланыстарын жоғалтқан 60 адам іздестірілді. 1,5 ай ішінде полицейлер олардың 19-ын тауып, құзырлы органдарға тапсырған. Биыл көші-қон қызметінің қызметкерлері болу мерзімінің 69 бұзылуын және шетелдіктерді заңсыз жұмысқа орналастырудың 7 фактісін анықтаған.
Мұндай жағдайларды анықтау мақсатында шаруа және фермерлік қожалықтарға, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, құрылыс объектілеріне, базарларға, вокзалдарға және басқа да заңсыз еңбек мигранттары болуы ықтимал жерлерге тұрақты түрде тексерулер жүргізіледі. Сонымен қатар Қазақстанның 23 азаматы үш күндік мерзім ішінде полицияға шетелдіктердің келгені туралы хабарламағаны үшін жауапқа тартылды.
Әсет ҚАНАФИН.