Петропавлда “Солтүстік – 2024” спорттық ойындары аясында керлинг пен конькимен жүгіруден өткен облыс чемпионаты өз мәресіне жетті.
Аталмыш спорт түрлерінен облыс біріншілігі үш күнге созылды. Керлингтен жалпыкомандалық есепте бірінші орын Есіл ауданының командасына бұйырды. Күміс медальды Қызылжар ауданы еншілесе, үздік үштікті шалақындықтар түйіндеді.
Конькимен жүгіруден жеңіс Шал ақын ауданының командасына бұйырса, екінші орынға қызылжарлықтар қол жеткізді. Үшінші орын Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның спортшыларына бұйырды.
“Солтүстік – 2024” ойындары бағдарламасына кіретін қалған спорт түрлері бойынша ақтық жарыстар Бескөлде ұйымдастырылады деп жоспарланған.
Марат ШЫНТЕМІРОВ,
облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы.