«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАРТЫСТЫ ӨТКЕН ОЙЫНДАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда “Солтүстік – 2024” спорттық ойындары ая­сында керлинг пен конькимен жүгіруден өткен облыс чемпионаты өз мәресіне жетті.

Аталмыш спорт түрлерінен облыс біріншілігі үш күнге со­зылды. Керлингтен жалпыко­мандалық есепте бірінші орын Есіл ауданының командасына бұйырды. Күміс медальды Қы­зылжар ауданы еншілесе, үздік үштікті шалақындықтар түйін­деді.

Конькимен жүгіруден жеңіс Шал ақын ауданының коман­дасына бұйырса, екінші орын­ға қызылжарлықтар қол жеткіз­ді. Үшінші орын Ғабит Мүсіре­пов атындағы ауданның спорт­шы­ларына бұйырды.

“Солтүстік – 2024” ойында­ры бағдарламасына кіретін қал­ған спорт түрлері бойынша ақ­тық жарыстар Бескөлде ұйым­дастырылады деп жоспарланған.

Марат ШЫНТЕМІРОВ,

облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp