Мағжан мен Мансұр Халлаж
Заманында “Мен – Хақпын” деген әйгілі ұстанымы үшін опат болған мистик шайыр Мансұр Халлаж бен “өзіме өзім табынам” деп жырлаған Мағжан Жұмабаев арасындағы рухани үндестік таңғалдырмай қоймайды. 875 жылы парсы даласында дүниеге келген шайыр Мансұр Халлаж – Ахмет Ясауи хикметтерінде ерекше құрметке ие тұлға. 12 жасында Құранды толық жаттаған Мансұр есейе бере діннің қасаң қағидаттарын …