ЕҢБЕККЕ БАУЛЫҒАННЫҢ ЕШ АЙЫБЫ ЖОҚ
Еңбек адамды тәрбиелейді. Дана халқымыз қашан да баланың тәрбиесі мен біліміне ерекше мән берген. Әсіресе еңбек арқылы өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, бірлікке, адалдыққа, әділдікке, іскерлікке баулыған. Бала кезімізде шамамыз келгенше үйдің шаруасына араласып, ал мектеп қабырғасында сабақтан соң кезекші болатынымыз барлығының есінде шығар. Сол уақытта қыздар еден жуып, шаң сүртетін, гүлдерге су құятын. Ұлдар су әкеліп …