«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 23.02.2024

Заманауи иллюстрация

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың дизайнері Евгения Боргуль, “Құ­­рыл­ыс және дизайн” кафед­ра­сының аға оқытушылары Юлия Попова мен Ирина Шаш­ки­на бейнелеу өнері туынды­сы­на авторлық құқық куәлігін алды. Суретшілер қазақ халық ерте­гілеріне иллюстрациялар дайында­ды. Олар танымал ертегі кейіп­кер­лерінің дизайнын заманауи талап­тарға сәйкес қайта жобалады. – Қазақ халық ертегілері – ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан саласының бірі. Халық ертегілері өскелең …

Заманауи иллюстрация Read More »

Театр апталығы

Қай өнер саласының болма­сын өркендеуіне әсер ететін ең үл­кен күш – сын. Сын әлсіре­се өнер құлдырайды. Сыншылар өнер­ді тура жолға бағыттап, ұсақ­талудан, әлдебір ағым­­дар мен бағыттардың жетегінде ке­ту­ден сақтайды. Сол сияқты тек­ті өнер – театр­дың да өз сыны бар. Жуырда аталған саланың ма­мандары С.Мұқанов атында­ғы облыс­тық қазақ сазды-драма теат­рына жиналып, жергілікті әртістердің өнерін сүзгіден өткізді. …

Театр апталығы Read More »

Алаяқтарға алданбаудың жолы

Өңір полицейлері ақпарат­тық технологиялар сала­сындағы қылмыстармен күреске бағытталған “Antifraud” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Криминалдық полиция бөлі­ністерінің қызметкерлері үш күн бойы адамдар көп жинала­тын орындарда жадынамалар таратып, желілік алаяқтардың негізгі айла-тәсілдері туралы айтты. Сондай-ақ тәртіп сақ­шылары алаяқтар жиі пайдаланатын әлеуметтік желілерге мониторингті күшейтті. Полицейлердің айтуынша, кибералаяқтарға алданып қалған адамдардың кейбірі полицияға жүгінбейді екен. Облыс тұрғындарымен сөй­лесу кезінде …

Алаяқтарға алданбаудың жолы Read More »

Торлаған түтін

Қатты аяз күндер басталға­­лы Петропавл қара түтіннің астында қалды. Күн суығанда пеш тоқ­таусыз жағылатыны белгілі. Алайда жер үйлердің мұр­жасынан шығатын түтін – ауаны ластайтын негізгі факторлардың бірі. “Қазгидромет” филиалы­ның де­ре­гіне сүйенсек, ақпанның 18-і мен 19-ы күні түнгі уақытта Петропавл қала­сының ау­ма­­ғында қолайсыз метео­рологиялық жағдайлар байқалған. Желдің екпіні баяулаған­дықтан, түтін тарамай, қара бұлт­тай еңсені басып тұр. …

Торлаған түтін Read More »

ФАСТФУД – ЖҮРЕККЕ ЖҮК

Қазір адамдар дұрыс тамақ­танбайды. Әсіресе тез даярла­натын фастфудтарға сұраныс жоғары. Көпшілік бұл тағам түрлерінің жү­рекке қауіпті екенін біле бер­мейді. Қаладағы “Дея” медицина­лық орталығының кардиологы Әсия Сейтқожина фастфуд жүрек-қантамыр ауруларын тудыратынын айтты. Дәрігердің айтуынша, бұл та­ғамды үнемі тұтыну холестерин мен қан қысымының жоғарылауына әкелуі мүмкін. Ал бұл жүрек ауруларының өршу қаупін арттырады. – Фастфудтағы қаныққан майдың …

ФАСТФУД – ЖҮРЕККЕ ЖҮК Read More »

Аурудың ауылы алыс, дегенмен сақтық шараларын естен шығаруға болмайды

2021 жылы жануар­лар үшін аса қауіпті және жағрапиялық қамты­луы жағынан кең та­рал­ған артидактилді же­дел вирустық кесел бо­лып табы­латын ау­сыл­­дың “O” түрінің ше­каралас Ре­сейдің Орын­бор облысында тір­ке­луі жағдайды қатты ушықтыр­маса да, мал өнімдері бойынша экс­порт­тық әлеуетті қыс­қарту сияқты бірқатар шектеулер қо­йылған болатын. Мұндай оғаш оқиға 2022 жылы Қарағанды об­лысы Шет ауданы Киікті ауыл­дық округінде орын алып, …

Аурудың ауылы алыс, дегенмен сақтық шараларын естен шығаруға болмайды Read More »

Базалық мөлшерлеме төмендей ме?

Ұлттық банк былтыр жыл со­ңы­нан бері ақша-несие саяса­тын біртін­деп жеңілдетіп келе жа­тыр. Бұл өз кезегінде 2022 және 2023 жылдар­дың тең жар­тысы бойы ұсталған жоғары ба­за­ның әсері­нен төменде­ген ин­фляция деңге­йімен байланыс­ты. Сарапшы­лар Ұлттық банк жуырда мөл­шерлемені кезекті рет төмендетеді деп кү­теді. Де­генмен мән беріп қарайтын кей фактор да бар. Сарапшы Владислав Тур­кин­­нің айтуынша, базалық мөл­шер­леме 0,5-1 …

Базалық мөлшерлеме төмендей ме? Read More »

Бизнеске арналған бірыңғай бағдарлама

Ақпан айынан бастап елде бизнесті қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламада бизнесті субсидиялаудың жаңа бағыттары қарастырылған. Өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, жоғары технологиялық қызмет көрсету салаларына басымдық берілмек. – Жаңарған бағдарлама мемлекеттік қолдаудың тиімділігін және бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Кешенді шаралар аясында шағын және орта бизнеске, қалалар мен ауылдардағы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі. …

Бизнеске арналған бірыңғай бағдарлама Read More »

ТҰРҒЫНДАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН ТҮЙТКІЛДЕР ӨҢІР БАСШЫСЫНЫҢ НАЗАРЫНДА

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласының тұрғындарымен кездесті. Жиында алдымен қала әкімі Серік Мұхамедиев 2023 жылды қорытындылап, биылға арналған жоспармен таныстырды. Облыс экономикасы қарқынды өсіп келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, өнеркәсіпте өсім 114,4, инвестицияда – 117,3, құрылыста – 125,6, тұрғын үйді пайдалануға беру саласында – 101,7 пайызды құрады. Сонымен қатар өңірдегі өнеркәсіп өндірісінің даму қарқынын …

ТҰРҒЫНДАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН ТҮЙТКІЛДЕР ӨҢІР БАСШЫСЫНЫҢ НАЗАРЫНДА Read More »

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚОРҒАУ – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН ҚОЛДАУ

Мемлекет басшысы еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырып, қаржы көзін тарту­дың жаңа тетіктерін қарастыру жөнінде тиісті тапсырмалар беріп келеді. Әділ және бәсекелі эко­номика қалыптастыру үшін заңдылық сақталуы тиіс. Кейінгі жылдары бұл бағыттағы жұмыстар­дың құқықтық тұрғыдан қорғалуына ерекше мән берілуі – осының айғағы. Инвестициялық жоба­лар­ды қорғауда прокуратураның жаңа міндеттерін білу үшін облыс прокурорының бірінші орынбасары Әбу-Әли Саттармен әңгімелестік. …

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚОРҒАУ – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН ҚОЛДАУ Read More »

Экономикалық өсім тұрақты

Биылғы қаңтар айы бойын­ша облысымыздың экономика­лық дамуы­ның қысқаша қоры­тын­ды­лары белгілі болды. Тұр­ғын үй енгізу кө­лемі – 36,7, бөл­шек сауда 0,7 пайызға өсті. Не­гізгі капиталға құйылған инвес­ти­циялар көлемі – 13,9 млрд. теңге. Шаруашылық жүргізетін субъек­ті­лердің меншікті қара­жаты 72,5 пайызға жетіп, ол негізгі капиталға салынған ин­вести­цияларды қар­жыланды­рудың тетігі саналып отыр. Негізгі капиталға құйылған ин­вестицияларды игеру бойын­ша ба­сым …

Экономикалық өсім тұрақты Read More »

“Қуаныш” — көш басында

Волейболдан әйелдер командалары арасындағы ұлттық лига ойындарының төртінші туры Петропавлда өз жалауын көтерді. Плей-офф қарсаңындағы соңғы шешуші кезеңде әр клубтың артқа шегінбей, барын салатынына күмән жоқ. Әзірге турнир кестесінде пет­ропавлдық “Қуаныш” клубы көш бастап келеді. Жерлестеріміз 20 кездесу өткізіп, 19-да жеңіске жет­се, тек бір ойында есе жі­бер­ді. Солтүстікқазақстандық коман­­­­даның еншісінде – 52 ұпай. Ал қызылжарлық …

“Қуаныш” — көш басында Read More »

Балдырдан жасалған қаптама

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары экология үшін маңызды жобаны қолға алды. Оларға жасыл зерттеу инновациялық жобаларды қолдайтын “Sustainability Living Lab” бағдарламасы көмектескен. Осылайша университет “National Conservation Initiative” корпоративтік қорынан және Назарбаев университетінен 1,3 млн. теңге грант алды. Жоба авторы – агротехнологиялық факультеттің аға оқытушысы Елена Иль. “Тақырып – “Каппа-каррагинанды қолдану арқылы биологиялық ыдырайтын тағамдық …

Балдырдан жасалған қаптама Read More »

Еңбек Ерін еске алды

Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінде “Еңбек Ері – Геннадий Иванович Зенченко” атты “дөңгелек үстел” отырысы ұйымдастырылды. Игілікті іс-шараға атақты аграрийдің көзін көргендер мен студенттер жиналды. Аудандық архивтердің директорлары онлайн режімде қатысты. – Бар ғұмырын агросекторға арнаған Геннадий Зенченко қарапайым механизатордан Қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірісінің ұйымдастырушысы дейінгі жолдан өтті. Біз бүгін архив қорында сақталған Г.Зенченконың өміріне …

Еңбек Ерін еске алды Read More »

Уақытша төлемдер

Кейбір адамдар атаулы әлеуметтік көмек – бұл көпбалалы аналарға немесе мүгедектігі бар жандарға берілетін жәрдемақы сияқты ақшалай төлем деп қателеседі. Бірақ олай емес. Атаулы әлеуметтік көмек – бұл қиын қаржылық жағдайға тап болған және табысы жоқ немесе табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға мемлекеттен берілетін уақытша төлемдер мен жеңілдіктер. Яғни, атаулы әлеуметтік көмек – бұл жылдар …

Уақытша төлемдер Read More »