«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алаяқтарға алданбаудың жолы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір полицейлері ақпарат­тық технологиялар сала­сындағы қылмыстармен күреске бағытталған “Antifraud” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Криминалдық полиция бөлі­ністерінің қызметкерлері үш күн бойы адамдар көп жинала­тын орындарда жадынамалар таратып, желілік алаяқтардың негізгі айла-тәсілдері туралы айтты. Сондай-ақ тәртіп сақ­шылары алаяқтар жиі пайдаланатын әлеуметтік желілерге мониторингті күшейтті. Полицейлердің айтуынша, кибералаяқтарға алданып қалған адамдардың кейбірі полицияға жүгінбейді екен.

Облыс тұрғындарымен сөй­лесу кезінде және әлеуметтік желілердегі пікірлерді тексере келе осындай 8 факті анық­талған. Олардың барлығы интернеттегі хабарланды­ру­лар арқылы тауарлар сатып алу кезінде алдын ала төлем жа­саумен немесе бөгде біреудің атына шағын несие ресімдеумен байланысты.

“Басқа біреудің атына шағын несие ресімдеу – көбінесе жәбірленушінің жақындарының қатысуымен жасалады. Ша­ғын несие ұйымдарының қыз­меттерін пайдаланбайтын егде жастағы адамдар бет-әлпет арқылы фото-видео рас­тау қажет екенін білмегендіктен жиі зардап шегеді”, – дейді криминалдық полиция басқарма­сының бастығы Иван Терзиди.

“Qyzyljarnews.kz”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp