«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Базалық мөлшерлеме төмендей ме?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлттық банк былтыр жыл со­ңы­нан бері ақша-несие саяса­тын біртін­деп жеңілдетіп келе жа­тыр. Бұл өз кезегінде 2022 және 2023 жылдар­дың тең жар­тысы бойы ұсталған жоғары ба­за­ның әсері­нен төменде­ген ин­фляция деңге­йімен байланыс­ты. Сарапшы­лар Ұлттық банк жуырда мөл­шерлемені кезекті рет төмендетеді деп кү­теді. Де­генмен мән беріп қарайтын кей фактор да бар.

Сарапшы Владислав Тур­кин­­нің айтуынша, базалық мөл­шер­леме 0,5-1 пайыздық тар­маққа тө­мендетілуі мүмкін. Көп жағ­дай­да 0,5 пайыздық тармақ­тың ықти­малдылығы жоғары.

“Ай сайын жылдық инфля­ция­ның баяулауы байқалып жатыр. Бұл нақты мөлшерлеме мәнін қа­лыпты қатаңнан қатаңға қарай ығыстырып келеді. Қазір елімізде ең жоғарғы нақты мөл­шер­леме тіркеліп отырғанын ай­та кетейін. Сонымен қатар қа­зір қай­та нығайған теңге бағамы бай­қалады. Бұл да теңгелей ак­тивтер ұсынысына және нақ­ты мөлшерлеме мәніне әсер етеді.

Белгілі бір теңсіздікті меңзеп тұрған айқын сигналдардың бірі – бейрезиденттердің біздің ба­ғалы қағаздарға деген үлкен сұ­ранысы. Толыққанды ұзақмер­зім­ді инвес­тор­ларға қарағанда, тасы­малдау­шы трейдерлердің мұн­дай ағыны әдетте сыртқы қаты­сушыларға алыпсатарлық пайда алуға мүм­кін­дік беретін бел­гілі бір бұрма­ла­нудың бо­луын көрсетеді. Мұндай теңге­рім­сіз­дік­ті жоюдың екі тәсілі бар, бірі – нарықтағы валюта ұсы­нысын қысқарту. Яғни бұл – ұлт­тық қордан трансфертті азайту. Екін­ші­сі – теңгелей активтердің тар­тым­дылығын төмендету. Бұл де­геніміз – осы айтып отырған мөл­шер­леме мәсе­лесі”, – дейді.

Айтуынша, былтыр мөлшер­ле­мені төмендете бастаған кезде теңге курсының айтар­лықтай құ­был­­уы және әлсіреуі аңға­рыл­ды.

Оның сөзінше, қазіргі мөл­шерлемені сақтап қалу ықти­мал­ды­лығы төмен. Егер солай істегісі келсе, онда ол экономи­ка­дағы ай­тар­лықтай тәуекел­дер мен мәселені, тиісінше мық­ты негіз­де­мені талап етеді.

Биыл қаңтардың соңында жыл­дық инфляция 9,5 пайызды құ­раған еді. 2023 жылдың жел­тоқ­санымен салыстырғанда 0,3 па­йыздық тармаққа ғана тө­мен­деді. Алайда инфляцияның бір таңба­лы деңгейіне қол жет­кіз­ген кезде бұл табиғи үдеріс сана­лады.

“Қазақстанда 6 пайызға та­қау тұрған нақты мөлшерлеме­нің жо­ға­ры деңгейі тіркелді. Бұл күтпе­ген сыртқы күйзелістердің бол­ма­уы жағдайында базалық мөл­шер­леменің одан әрі төмен­деуі траек­то­риясына негіз бе­реді. Біздің пікі­рімізше, ке­зек­ті отырыста базалық мөл­шерле­мені 50-100 базалық тар­маққа, 14,25-14,75 пайыз ара­лы­ғында қал­дыруға болады. Бұл шешім инфля­цияға жеткілікті те­жеуші әсер­ді сақтай отырып, эко­но­­ми­каға ынталандыру тұр­ғы­сынан әсер етер еді”, – деп түйін­­дейді.

Еске салайық, қазір бізде база­лық пайыздық мөлшер­ле­ме – 15,25 пайыз. Жылдық ин­фляция – 9,5 пайыз. Инфляция бойынша мақсат – 5 пайыз.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp