«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚОРҒАУ – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН ҚОЛДАУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырып, қаржы көзін тарту­дың жаңа тетіктерін қарастыру жөнінде тиісті тапсырмалар беріп келеді. Әділ және бәсекелі эко­номика қалыптастыру үшін заңдылық сақталуы тиіс. Кейінгі жылдары бұл бағыттағы жұмыстар­дың құқықтық тұрғыдан қорғалуына ерекше мән берілуі – осының айғағы. Инвестициялық жоба­лар­ды қорғауда прокуратураның жаңа міндеттерін білу үшін облыс прокурорының бірінші орынбасары Әбу-Әли Саттармен әңгімелестік.

– Әбу-Әли Анарбайұлы, өткен жылы Мемлекет басшы­сы прокуратура органдарына инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі функ­ция­ны жүктеді. Қазіргі таңда Бас прокуратура бұл мәселе­мен белсенді айналысып жатыр. Бұл жұмыс біздің облыс­та қалай жүргізілуде?

– Мемлекет басшысы аса маңызды міндет жүктеді. Өткен жылы облыстың негізгі капита­лына салынған инвестициялар көлемі нақты көлем индексінен 382 млрд. теңгені, инвестиция­лар өсімі 4 пайызды құрады. Жеке инвестициялар көлемі – 314,6 млрд. теңге. Бүгінгі таңда өңірде 31 инвестициялық жоба қолға алынған. Олар бойынша еліміздің Бас Прокуроры бекіт­кен “Инвестицияларды қолдау және маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөнін­дегі заңдылыққа прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру тура­лы” нұсқаулыққа сәйкес проку­рорлық сүйемелдеу жүзеге асы­рылады.

Өткен жылы облыс про­куратурасының жанынан фронт-офис ашылды. Оның қызметі инвесторлардың проблемала­рын жедел шешуге және әкім­шілік кедергілерді жою­ға бағыт­талған. Фронт-офис құ­ра­мына мемлекеттік органдар­дың басшылары, кәсіпкерлер палата­сының және “KAZAKH INVEST” өкілдері кірді. Ай сайын фронт-офис отырыстарында ин­вестор­лардың проблемалық мә­селе­лері, оларды шешу жол­дары тал­қыланады.

Мемлекет басшысының тап­сыр­масын сапалы іске асыру үшін Бас Прокурордың бұйрығы­мен осы жылдан бастап облыс прокурорының инвестициялар жөніндегі аға көмекшісі лауазы­мы енгізілді. Сонымен қатар про­куратура органдарында 24/7 режімінде жұмыс істейтін инвес­тор­лар мен кәсіпкерлердің құ­қықтарын қорғау жөніндегі Сall-орталық және мобильді топ құ­рылды.

Облыс прокуратурасының басшылығы бизнес-қоғам­дастықпен үнемі жеке қабылдаулар мен көшпелі кездесулер өткізіп тұрады. Қабылданған қадағалау шараларының нәтижесінде ин­весторларды ұзақ уақыт әуре-сарсаңға салған бес мәселе шешілді.

– Оқырмандарға түсінікті болу үшін осы жөнінде тарқа­тып айтып берсеңіз.

– Біз өңірге 193 млрд. теңге­ден астам сомаға инвестиция салуды жоспарлап отырған 5 инвесторға көмектестік. Мәсе­лен, “Тобыл Моторс” ЖШС ин­весторы (мультибрендтік авто­са­лон салу жобасы) 3 ай бойы жергілікті атқарушы органдар­дан сәулет-жоспарлау тапсыр­масын ала алмаған. Заң талап­тарын түсіндіру арқылы қабыл­данған қадағалау шараларының нәтижесінде инвесторға тиісті рұқсаттар берілді.

Ал “ATM Petropavl Hospital” ЖШС инвесторы (көпсалалы аурухана салу жөніндегі жоба) қосалқы станцияның болмауына байланысты электр желілеріне қосыла алмаған. Прокуратура ара­ласқаннан кейін ғана инвес­тор “СКРЭК” АҚ монополисінің баламалы электр желілеріне қосылды. “Алисарай” ЖШС ин­весторы (тауарлы-сүт ферма­сын салу жөніндегі жоба) 500 млн. теңге сомасына мемле­кеттік қарыз алуда әкімшілік ке­дергілерге тап болған. Инвес­тордың қатысуымен өткен фронт-офис отырысында осы мәселе қаралып, мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар бере отыра, оны шешу бойынша ұсыныстар әзірленді. Прокура­тураның үйлестіруімен инвес­тор­дың проблемасы шешіліп, мемлекеттік қарыз берілді. Енді инвестор жобаны алаңсыз жү­зеге асыра алады.

Сонымен қатар “TFA Group” ЖШС инвесторы (керамикалық кірпіш өндіретін зауыт салу жө­нін­дегі жоба) экологиялық рұқсат алу үшін монополистен келісу­ден өту бөлігінде кедергіге тап бол­ған. Жағдайды зерделеу ар­қы­лы табиғи монополиялар субъекті­сінде келісуден өту мін­дет­ті емес екені анықталды. Фронт-офис алаңында облыс­тың экология департаментіне бюрократиялық кідірістерге жол бермеуге және инвесторлардан артық құжатта­маны талап ету практикасын тоқ­тату жайы ай­тылды. Қадағалау органының үйлестіруімен “TFA Group” ЖШС-ға оң экологиялық қорытынды бе­рілді. Барлық ин­вестициялық жо­балар бойын­ша сүйемелдеу жал­ғасуда және жеке бақылауға алынған.

– Өткен жылдың соңында прокуратура органдарында “Ин­весторларды қорғау жө­нін­дегі прокурорлық сүзгі” жобасы іске қосылды. Осы жаңашылдық қаншалықты тиімді?

– Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанда “Инвес­торларды қорғау жөніндегі про­курорлық сүзгі” жобасы енгізілді. Онда барлық мемлекеттік ор­гандарға және ұлттық компания­ларға инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатында­ғы шешімдер мен шараларды прокуратурамен келісу тапсы­рылды. Бұл қызметті тоқтата тұруға, лицензиялар мен басқа да рұқсат құжаттарын қайтарып алуға, келісімшарттарды бір­жақты бұзуға, салықтық тексеру­лерге, әкімшілік құқық бұзушы­лық туралы істерді қозғауға және басқа да әрекеттерге қатысты. Мұндай шаралар инвестор­лар­дың мүдделерін қорғауға және елде қолайлы инвестициялық орта құруға бағытталған. Сүзгі талаптары барлық жергілікті атқарушы және уәкілетті ор­гандарға жеткізілді.

Жыл басынан бері облыс про­куратурасына келісу үшін орта және ірі кәсіпкерлік субъекті­леріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау жөнінде 26 материал келіп түсті. Оның үшеуі бойынша теріс шешімдер қабылданды, себебі негіз жоқ.

Күн сайын жергілікті жерлер­дегі прокурорлар бақылау-қадағалау органдарына сүзгі та­лаптарын сақтау бөлігінде мо­ниторинг жүргізіп отырады.

– Жалпы өңір аумағында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша қандай жұ­мыстар жүргізілді?

– Өткен жылы кәсіпкерлік са­ласында 186 прокурорлық қада­ғалау актісі енгізілді, 14 лауа­зым­ды тұлға әртүрлі жауап­кершілікке тартылды. Бизнес субъектілерін әкімшілік жауап­кершілікке тарту туралы 162 заңсыз қаулы жойылды, 1 млрд. теңгеден астам сомаға залал өтелді, 2214 кәсіпкердің құ­қықтары қорғалды.

Мәселен, Ғ.Мүсірепов атын­дағы ауданның кәсіпкерінің өті­ніші бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының 2 млрд. теңгеден астам сомаға субсидиялар төлеуді заңсыз тоқтатқаны анықталды. Төлем­дерді тоқтата тұруға облыстық экономикалық тергеу департа­ментінің ұсынымдары себеп бол­ған. Субсидиялау қағидаларын­да мұндай негіздер көзделмеген. Бұл ретте кәсіпкердің барлық өтінімдері субсидиялау шарт­тарына сәйкес келді.

Қадағалау органының акті­лері бойынша аталған мемле­кеттік органдардың әрекеттері тоқтатылды, екі лауазымды тұл­ға тәртіптік жауапкершілікке тар­тылды, кәсіпкердің құқық­тары 1 млрд. теңгеден астам сомаға субсидия төлеу арқылы қалпына келтірілді.

“Севказэнергосбыт” ЖШС қызметінде табиғи монопо­лия­лар туралы заңнаманың талап­тарына және тарифтерді қалып­тастыру қағидаларына қайшы келетін (кәсіпкерлік субъектілері қосалқы тұтынушылар санатына жатпайтын) қосалқы тұтыну­шылар ретінде жылу энергиясы үшін ақы есептеу фактілері анықталды.

Қадағалау актісі бойынша сот тәртібімен 96,2 млн. теңге со­масына 1 250 тұтынушыға (кә­сіпкерге) қайта есептеу жүргізе отырып, монополистің әрекет­терін заңсыз деп тануға қол жеткіздік. Шешім заңды күшіне енді, талаптар орындалды.

Биылғы жылы Петропавл қаласының мемлекеттік кірістер басқармасында Мемлекет бас­шы­сының 26.12.2019 жылғы №229 “Қазақстан Республикасы­на барып тексеру және профи­лак­тикалық бақылау мен қадаға­лау жүргізу туралы мораторий енгізу туралы” Жарлығын бұза отырып тағайындалған 10 са­лық­тық тексеру анықталды. Про­курорлық қадағалау актісі бо­йынша барлық салықтық тек­серулердің күші жойылды, ла­уазымды тұлға тәртіптік жауап­кершілікке тартылды.

Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін сақ­тау мәселесі облыстық прокура­тура мамандарының бақылауында.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp