«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Торлаған түтін

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қатты аяз күндер басталға­­лы Петропавл қара түтіннің астында қалды. Күн суығанда пеш тоқ­таусыз жағылатыны белгілі. Алайда жер үйлердің мұр­жасынан шығатын түтін – ауаны ластайтын негізгі факторлардың бірі.

“Қазгидромет” филиалы­ның де­ре­гіне сүйенсек, ақпанның 18-і мен 19-ы күні түнгі уақытта Петропавл қала­сының ау­ма­­ғында қолайсыз метео­рологиялық жағдайлар байқалған. Желдің екпіні баяулаған­дықтан, түтін тарамай, қара бұлт­тай еңсені басып тұр. Облыстық экология департа­ментінің бөлім бас­шысы Дамир Жұмабаевтың айтуынша, қалада ауа­ның та­залығын тексеретін 4 бе­кет бар. Оның екеуі – стационарлық.

Қазіргі таңда ауаның ласта­ну көрсеткіші орташа деңгейден сәл төмен. Облыс орталығында ірі зауыт-фабрикалар көп болмаған­дықтан ауаны лас­тайтын элементтер де аз көрінеді.

Сержан НҰРТОЛҚЫНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp