«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бала құқығы — басты құндылық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қоғамда кәмелетке толма­ған­дардың құқық­тарын қорғау деген тү­сінік бар. Қазіргі таңда бұл түсі­ніктің маңыз­ды­лығы артып келе­ді. Тиісті заңға сәйкес ар­найы ма­мандар бірнеше бағыт бойынша жұмыс жүргізеді. Елімізде кәме­лет­ке толмағандардың істері жө­ніндегі маман­дан­дырылған ау­дан­ара­лық соттардың құ­рылуы – соның бір дә­лелі.

– Өткен жылы облыстық кә­ме­летке толмағандардың істері жө­ніндегі сотына 1111 талап арыз түс­ті. 642 азаматтық іс қоз­ғалып, қа­ралды. Ал 2022 жылы 456 та­лап арыз түсіп, 310 аза­маттық іс толығымен қаралған, – дейді об­лыстық кәмелетке тол­мағандар­дың істері жөніндегі ма­мандан­дырылған ауданаралық сотының судьясы Арай Әбілмә­жінова.

Қоғамдағы жайттарға байла­ныс­ты заңға өзгерістер енгізіле­ті­ні белгілі. Осындай өзгерістер мен толықтырулар кәмелетке тол­мағандардың құқықтарын қорғау бағытына да тән. Судьяның ай­туын­ша, бұрын кәмелетке толма­ған ортақ балалары бар ерлі-за­йыптылар арасындағы некені бұзу, мүлікті бөлу, кәмелетке тол­мағандардың еңбек, мұрагерлік, тұрғын үй құқықтарын қорғау ту­ра­лы істер жауапкердің тұрғы­лықты жері бойынша аудандық және оған теңестірілген соттарда қаралған екен. Ал бүгінгі күні атал­ған істер облыстық кәмелет­ке толмағандардың істері жөнін­дегі сотта ғана қаралады.

Сонымен қатар кәмелетке тол­­мағандар тарапынан жаса­латын құқық бұзушылықтар да жоқ емес. Жасөспірімдер ұрлық жасауға, бұзақылық әрекеттерге бейім көрінеді.

Сот талқылауының барлық ке­зеңдерінде кәмелетке толмаған адамның даусыз құқықтары бар. Олар – кінәсіздік презумпциясы, айыптау туралы хабардар болу, айғақ беруден бас тарту, қорғау­шыға ие болу, ата-анасының жә­не заңды өкілдерінің, куәлармен көзбе-көз беттестіру және тұс-тұстан жауап алу, сарапшы тарту, жоғары тұрған органдарға шағымдану, аудармашы алу құ­қығы.

Балаларға да құпиялылық құқығы берілген. Барлық сот оты­рыстары жабық есік жағдайында өтеді. Заңнамаға сәйкес кә­ме­летке толмағандар үшін бас бос­тандығынан айыруға балама жа­залар қолдану мүмкіндігі қарас­тырылған. Алғаш рет ауырлығы орташа немесе жеңіл қылмыстық құқық бұзушылық жасаған бала, егер сот жасөспірім басқа да тәрбиелік ықпал ету шарала­рымен жазалануы мүмкін деп шешсе, жауаптылықтан боса­тылуы мүмкін. Дәл осындай ере­же адам өлтірумен немесе ден­саулыққа ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмыс­тарды жасаған кезде де қолда­ны­лады.

Сержан НҰРТОЛҚЫНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp