«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жетістікке бастаған жобалар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінде отандық инновациялық жобалар елімізге ғана емес, әлемге танылып үлгерді. Мәселен, “Smart Data Ukimet” (SDU) ақпараттық-талдау жүйесі 2023 жылғы беделді “Future of Government Awards” марапатында “Open Source Adaption” санатында үздік үштіктің қатарына енді.

Дүниежүзінің 50 елінен 300 жобаның ішінде аталған жоба­ны Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы, “Public Digital” жəне “AWS” институты ерекше атап өтіп, оны басқа мем­лекеттерге пайдалануға ұсынды. Бұл еліміз үшін үлкен жетістік қана емес, ол əлемдік инновацияға қосқан үлесімізді көрсетті. “The Future of Govern­ment Awards” цифрлық шешім­дер мен технологиялар арқылы адамдардың өмірін өзгертетін практиктерді, топтарды жəне көшбасшыларды айрықша атайды.

Аталған жүлде бар идеяны қайта қолдану мен бейім­деудің маңызын көрсетіп, бас­тапқы ашық кодты шешімді жаңа тəсілдермен сəтті пайда­ланған ұйымға беріледі. Əсіре­се мұнда басқалардан үйреніп, бастапқы ашық кодты шешімдер тəжірибесіне сүйенетін Үкі­меттің көшбасшылығына баса назар аударылды. Айта кетейік, “Smart Data Ukimet” – 87 дерек базасы біріктірілген мемлекет­тік деректер қоры. Онда ве­домствоаралық сараптаманы өте жылдам құруға мүмкіндік бе­ретін дерекпен жұмыс істейтін көптеген құрал бар. Аталған қор үлкен дерек бойынша шешім қабылдаудың технологиялық негізін жасады.

Сондай-ақ жақында “Отба­сының цифрлық картасы” жо­басы Дубайда өткен дүние­жүзілік үкіметтік саммиттің əлем­дік аренасында 1300 өтінімнің ішінен “Инклюзивті цифрлық трансформация” санатында лайықты деп танылды. Бұл ма­рапат мемлекеттік қызмет­тердің сапасын жақсарту мен отбасылардың əл-ауқатын қам­тамасыз етуге арналған ин­новациялық тəсілдің маңызын айшықтады. Отбасының цифр­лық картасы – 40-тан астам мемлекеттік дерекқордан аза­маттар туралы ақпаратты еске­ретін бірегей скорингтік модель. Жоба 100-ден астам кри­терийге сүйене отырып, отбасылардың əл-ауқатының санатын анықтап, мұқтаж адам­дарға көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Мерейлі марапат – Еңбек жəне əлеуметтік қорғау министрлігінің еліміздегі Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағ­дарламасымен бірлесіп атқарған жұмысының табысты нəтижесі. БАƏ құрған “GovTech Prize” бастамасы мемлекеттік саладағы инновациялық шешімдерді тану мен ынталандыруда маңызды рөл атқарады. Бұл тəжірибе ал­масуға жəне əлемдегі мемле­кеттік органдар арасында озық дүниені таратуға ықпал етіп қана қоймай, халықтың өмір сүру сапасын жақсартады.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp