«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖУРНАЛИСТЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұ­хам­бетов облысымыздағы бұ­қа­­ралық ақпарат құралдары өкіл­дерімен және осы саланың ар­дагерлерімен кездесті. Кез­де­су­де Мемлекет басшысы ай­қында­ған міндеттер аясында өңі­рімізді дамытуға бағыттал­ған жоспар­лар мен атқарылып жатқан жо­балар туралы ай­тылды. Облыс әкімі Қызылжар өңірінің әлеу­меттік әлеуеті жо­ғары әрі бәсе­келестікке қабі­летті екенін атап өтті. Сондық­тан облыста инфра­құрылымды дамыту керек. Оның ішінде демалыс аймақтарындағы жол­дың сапасы – өзекті мәселе.

– Айыртау, Ғабит Мүсірепов атын­­дағы аудандардың кейбір жолдарын қалпына келтіріп жа­тыр­мыз. Ол жерлерде 48 турис­тік нысан орналасқан. Бірақ Шал­­қар-Имантау бағытындағы жолдың сапасы өте нашар. Қа­зір ол жерге ешбір инвестор қызығу­шы­лық танытпайды. Бұл мәсе­ле­ні шешуіміз керек, жос­парла­рымыз бар, – деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Алдағы екі жылда Шалқар-Имантау курорттық аймағының инфрақұрылымы ретке келті­ріледі. Оған 2 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Сұрақ-жауап форматында өт­кен бейресми кездесуде бұқа­ралық ақпарат құралдары өкіл­дері солтүстікқазақстан­дықтар­ды толғандырып жүрген өзекті мә­селелер жайлы айтты. Әлеу­меттік маңызы бар мәселелерді шешу бойынша нақты ұсыныс­тар жасады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp