«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заңсыз жұмыс істеген

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық по­ли­­цейлер тұрғындарды көші-қон заңнамасын қатаң сақтауға шақыруда. Мамандардың ай­туынша, көп жағдайда шетел­дік­тер тіркеу мерзімін өткізіп алып жатады екен. Ал қабыл­даушы тарап өздеріне келген шетелдіктер туралы көші-қон қызметін уақытылы хабардар етпейді.

Облыстық полиция департа­менті көші-қон қызметі басқар­масының бастығы Талғат Әбі­лов­тің айтуынша, мамандар күн сайын шаруа және фермерлік қо­жалықтарды, ауыл шаруа­шы­лы­ғы кәсіпорындарын, құрылыс ны­сандарын, базарлар мен ше­тел­діктердің болуы ықтимал басқа да жерлерді тексереді. Ондағы басты мақсат – ше­тел­дік жұмыс күшін заңсыз тарту фактілерін анықтау және жолын кесу.

Биыл Петропавл базарла­ры­ның бірінде заңсыз еңбек етіп келген Өзбекстан мен Тә­жікстанның төрт азаматы анық­талған. Олардың біреуінің көші-қон заңнамасын бір жыл ішінде бірнеше рет бұзғаны белгілі бол­ды. Сот шешімі бойынша ол 5 жыл мерзімге елден шыға­рылды. Қалғандары 2 тәуліктен 3 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды.

– Қаңтар айының соңында Ақжар аудандық полиция бөлі­мінің көші-қон қызметіне отба­сылық жағдайына байланысты жеке құжаттары, тіпті туу тура­лы куәлігі болмаған 37 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Аза­маттықты анықтау үшін өзінің ту­ған жері – Ресей Федерациясына және осыған дейін тұрған Ал­маты облысына сұраулар салуға тура келді. Қазіргі уақытта азаматтықты анықтау рәсімі аяқталып, Қазақстан Респуб­­ликасының азаматтығына қа­тыстылығын анықтау туралы қо­рытынды енгізілді. Жеке куә­лік алу үшін оған құжаттар берілді, – дейді Талғат Әбілов.

“qyzyljarnews.kz”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp