«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Округ әкімдері сайланды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңіріміздің бес ауданын­да жеті ауылдық округ әкі­мінің сайлауы өтті. Округ­тік сайлау комиссия­лары­ның мәліметі бойын­ша, саяси науқанға сегіз мың­ға жуық адам қаты­сып, 17 сай­лау учаскесі жұ­мыс іс­те­ген.

Мамлют ауданында 1046 сай­лаушының 765-і дауыс берді. Дуб­ровин ауылдық округінің әкімі бо­лып Михайловский орта мекте­бі директорының тәрбие ісі жөнін­дегі орынбасары Павел Титов сайланды. Оның кандидатура­сын “AMANAT” партиясы Мамлют аудандық филиалы ұсынған.

Мағжан Жұмабаев ауданы Аван­гард ауылдық округінің әкімін сайлауға 631 сайлаушының 444-і келді. Әкім болып сайланған 45 жастағы Александр Конюшев­ский де – “AMANAT” партиясының ау­дан­дық филиалы ұсынған үміт­кер.

Уәлиханов ауданында Аман­гел­ді ауылдық округі әкімінің сай­лауы өтті. Сайлаушылар тізіміне 154 адам енгізіліп, оның 130-ы да­уыс берді. Әкім болып бұған дейін де осы қызметті атқарып келген 41 жастағы Саян Құрманбаев сай­ланды.

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан­да Бірлік және Чистополь ауыл­дық округтері әкімінің сай­лауы өт­ті. Бірлік сайлау округі бо­йынша сайлаушылар тізімінде 713 адам бол­са, оның 550-і дауыс берді. Көп дауыс жинаған 39 жас­тағы Аза­­мат Аржікеев өз орнында қал­ды. Чистополь ауылдық окру­гінің әкімі болып “AMANAT” пар­тия­­сы­нан ұсынылған уақытша жұ­мыс­сыз Владимир Руденки сай­лан­ды.

Қызылжар ауданында Ро­щинск және Якорь ауылдық ок­руг­­тері әкімдерінің сайлауы өтті. Ал­ғашқысында 1609 сайлаушы­ның 1225-і дауыс беруге келген. Ро­щинск ауылдық округінің әкімі болып 40 жастағы Руслан Аитов сайланды. Оның кандидатура­сын Қазақстан халық партиясы­ның облыстық филиалы ұсынған.

Якорь сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1690 аза­мат енгізілсе, оның 1446-сы да­уыс берді. Дауыстың басым бөлігі қазіргі әкім 43 жастағы Валерий Тихийге берілді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp