«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қалың ел отырса қарайып…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде демографиялық ахуал күрделі екені белгілі. Туу көрсеткішінің тө­мен­дігі мен өлім-жітімнің көптігінен халық саны жыл сайын азайып ке­ле­ді. Осы­ның салдарынан әлеу­меттік-демографиялық және экономикалық теңгерім­сіз­­діктің салдары айқын сезілу­де. Оның үстіне солтүстіктегі кей­бір аудандарда қа­ңырап қалған ауылдар бар. Әсіресе шекаралық өңірлердегі халық саны қат­ты азайғаны байқа­ла­ды. Бұл – ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін фак­тор еке­нін айта кеткеніміз жөн. Соңғы жыл­да­ры халық саны Қызыл­жар өңірінде 22,43 пайызға, Пав­лодар облысында 5,76 па­йызға және Қостанай облы­сын­да 8,3 па­йызға азайған. Бұл мәселені шешу үшін қа­был­данған мемлекеттік бағ­дар­лама­лар да үмітті ақтайды деп айта алмаймыз. Атажұртқа ат басын бұр­ған қандас­тар­ды да, оңтүс­тік­тен ерікті түрде қоныс аудар­ған­дарды да солтүстік өңір­лерге орналастыр­ғанымен, оның әсері теңізге тамған там­шыдай ғана болды. Көңіл қала­ғандай нәтиже жоқ екенін мо­йындауымыз керек.

Жылдар бойы жүзеге асы­ры­лып келе жатқан бұл бағдар­ла­малар неге тиімсіз деген заң­ды сұрақ туындайды. Мәселен, Қа­зақ­станмен іргелес жатқан ел­дер не басқа мемлекеттен кел­ген ұлты қазақ қандастарға мем­ле­кет тарапынан қолдау шара­ла­ры көрсетіледі. Қазіргі таңда этника­лық қазақтар “Құтты ме­кен” қо­сымшасы және “Көші-қон” (mig­ration.enbek.kz) порта­лы арқылы қандас мәртебесін алу үшін құ­жаттарын қоса өтініш береді. Кейін қандастарды қа­былдау кво­тасына құжаттарын тапсырып, материалдық көмек түрлерін ала­ды. Квотаға енгізіл­геннен кейін Қазақстан Респуб­ликасының аза­маттығын алу үшін құжаттарын тап­сырады.

– Жұмыс күшінің мобиль­ділі­гін арттыру үшін ерікті түрде қо­ныс аударуға жәрдемдесу жө­нін­дегі шараларға жұмыс іздеу­ші адамдар немесе жұ­мыс­сыздар, қандастар, сондай-ақ жұ­мыс берушілер қатысады. Оң­түс­тіктен келетін азаматтар – жұ­мыс іздегендер немесе жұ­мыс­сыз жүргендер. Яғни сол­түстік өңірлерге көшіп, жұмысқа орна­лысып, өз әл-ауқатын арт­тырып, жақсартуда, – дейді об­лыстық жұмыспен қамтуды үй­лестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшы­сының міндетін атқарушы Серік Тоқымбетов.

Қоныс аударушыларға бас­тапқыда мемлекет тарапынан суб­сидиялар төленеді, сондай-ақ тұрғын-үй сатып алуға мүм­кіндік беріледі. Көшу шығында­рын өтеу үшін отағасына және отбасының әрбір мүше­сіне 70 АЕК мөлшерінде бірреттік төлем бе­ріледі. Тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қыз­меттерге ақы төлеу бойын­ша шы­ғындарды өтеу ай сайын (он екі айдан көп емес) тұрғын үй ал­ғанға дейін тұру мекені мен от­басы құрамына байла­ныс­ты 15-тен 30 АЕК мөлше­рінде өтеледі.

Мамандардың айтуынша, кел­ген мекеніне қайта оралған­дар­дың деніне Қызылжардың ауа райы жақпаған, суық­қа бейімделе алмаған, денсау­лығы нашарлаған. Сонымен қа­тар қо­ныс аудару жобасы бойын­ша іс-шараларды сапалы жүзеге асы­руға кедергі келтіре­тін келеңсіз факторлардың бірі – қоныс ауда­рушылардың қол­даныстағы не­сиелер бойынша мерзімі өткен берешектерінің бо­луы және со­ның салдарынан қатысушы­лар­дың субсидия­ларды пайдала­нуы­на мүмкіндік бермейтін банк шоттарының бұғатталуы (түскен қаражат не­сие бойынша қарыз­дар­ды өтеу­ге жұмсалады). Бұл – өз кезе­гінде олардың келуінің бастап­қы кезеңінде қиындықтар туғы­за­ды. Облыстық жұмыспен қам­туды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар басқарма­сы бас­шысының міндетін атқару­шы Серік Тоқымбетов тілдік ке­дергінің де бар екенін айтты. Мұны “Отандастар қорының” Қы­зылжардағы өкілі Жазира Көк­бас­қызы да растап отыр. Сырт­тан келген ағайындар орыс тілін тү­сінбей қиналады. Сондықтан қа­зағы көп аудандар мен ауылдарға қоныстанып жатыр.

Осы ретте Еңбек мобильді­лігі орталығында қандастар мен қо­ныс аударушыларды бейім­деу және интеграциялау бөлімі ашыл­ған. Бұл бөлім өз кезе­гінде қандастар мен қоныс ау­дару­шы­ларға қоғамға бейімде­лу үшін жағ­дайлар жасайды (ақпараттық және анықтамалық қызметтер, құ­жаттар аударма­сы, құқықтық және консульта­циялық көмек, құ­жаттандыру мә­селесі, қазақ және орыс тілін үйрену курста­рына жолдау). Өт­кен жылы об­лысымызға бөлін­ген квота саны – 2698 адам. Оның ішінде 2460 қоныс ауда­рушы және 238 қан­дас көшіп келді. Қоныс ауда­ру­шылар мен қандастарды қа­был­дау квотасы толық орын­далды.

Дегенмен бұл мәліметтер мемлекеттік бағдарламалар­дың нәтижелі орындалып жат­қа­ны­ның дәлелі емес. Қазақ халқы­ның рухани көсемі Абай Құ­нанбай­ұлы “Істі қалай бастаға­ныңды айт­па, нәтижесі қалай болғанын айт”, – деген екен.

– Бүгінгі таңда Қызылжар, Есіл, Айыртау, Мағжан Жұма­баев, Тайынша, Ақжар сияқты ау­дандарда ағайын-туыстарын па­налап келген қандастар тұрып жатыр. Отбасы мүше­лері жұ­мыспен қамтылып, мек­теп жа­сын­дағы оқушылар мек­тепке ор­наластырылған. Қандас­тар­дың негізгі мәселесі – құжат алу. Аудандардағы көші-қон по­ли­циясы қызметкерлері ақпарат­ты толық түсіндірмей, уақытта­рын өткізіп алып қиын­дықтарға тап болатын кездері көп. Биылғы жылға 207 квота бөлінген. Қа­зіргі таңда оның отызы игерілді. Барға қанағат қылмай көшіп кетіп жатқандар да кездесуде. “Тас түскен жеріне ауыр”, – деген жақсы сөз бар. Болмашы қиындыққа шыда­май­тындар көп, – дейді “Отан­дас­тар қорының” өңіріміздегі өкі­лі Жазира Көкбасқызы.

Мәселен, Мұқият Имамбек­ұлы Қытайдан 2016 жылы қо­ныс аударған. Бір жылдан кейін көші-қон бағдарламасы бойын­ша Есіл ауданы Бірлік ауылына көшіп ке­леді. “Келген бойда қар­жылық қолдау көрсетілді. Со­ның арқа­сында үй алып, зайы­бым екеуі­міз жұмысқа орналас­тық. Теріс­кейге келгелі ыры­сымыз артпа­са, кеміген жоқ. Осы жерде кенже қызым дүниге келді. Ұлым жо­ғары оқу орнын тамамдап, ауылдағы мектепке мұғалім бо­лып орналасты. Қы­зым М.Жұма­баев атындағы жоғары кол­ледж­ге оқуға түсті. “Суық” деп кері қай­татындай иен далаға келгеніміз жоқ, ел ішінде отырмыз. Қазақша сөй­лейтіндердің саны жыл санап артып келеді. Бізге бұл қиындық туғызбады”, – дейді Бірлік ауы­лының тұрғыны Мұқият Имам­бекұлы.

Жуырда облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Үкімет сағатын­да өңірдегі демографиялық жағ­дайды жақсартатын ұсыныстар жасағаны белгілі. Оның бірі – об­лыста тұрақты тұратын отбасы­ларға туған балаға және оның күті­міне төленетін біржолғы сондай-ақ, көпбалалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақыны 2 есеге өсіру. Сонымен қатар жұ­мыс бе­рушілерге еңбекпен қам­тылған әрбір жұмыссыз адам үшін 2 жыл бойы 30 АЕК субсидия тө­леудің жаңа механизмін енгізу, ерікті қоныс аудару шеңберінде экономи­ка­лық ұтқырлық серти­фикатын 1625 АЕК-ке дейін ұлғайту, об­лысішілік қоныстан­дыру аясын­да “Еңбек” бағдар­ламасы бойын­ша тұрғын үйлер­ге көшуге құқы­ғы бар тұлғалар санатын кеңей­ту, оларға эконо­микалық ұтқыр­лық куәліктерін беруді қамтама­сыз ету, аймақ­тық бағдарлама­ны “Отбасы Банкі” арқылы рес­публикалық бюджеттен қоса қар­жыландыру да ұсынылып отыр. Бұл – солтүстікқазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартып, тұрғындар­дың кірісін көбейтіп, демогра­фиялық ахуалға оң әсе­рін тигі­зеді. Алайда бұл ұсыныс ес­керіле ме, жоқ па уақыт көр­сетер. Бірақ теріскейде қалың ел отыруы үшін осындай сер­пінді ше­шім қажет-ақ.

Сержан НҰРТОЛҚЫНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp