«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Екінші тыныс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Петропавл ауыр машина жасау” зауытында жылу электр станцияла­рына арналған жабдықтар шығарыла бастады. Жаңа өнім түрі зауытта жаңғырту жұмыстарын жүргізгеннен кейін пайда болған. Ақпан айынан бастап өндіріс орнында құбыр байламдары мен газ панельдерінің өндірісі жолға қойылды.

Жылыту нысандарына ар­нал­ған құралдар шығару тәжі­рибесі зауытта бұрын да бол­ған. Өкінішке қарай, өндіріс қуаты азайған жылдары бұл өнімдерді шығару тоқтаған. Зауыт басшылығы өндірісті қай­та қалпына келтіріп, кәсіпорын­ды жаңғыртып, сұраныс­қа ие құрал-жабдықтар жасау қайта қолға алынды. Машина жа­сауды дамыту бағдарлама­сы аясында кәсіпорында темір жолға, электр және жылу орта­лықтарына қажетті қат бұйым­дар жасалатын болады. Олар жылу қазандықтарында, бу аппараттарында, утилизаторларда пайдаланылады. Газ па­нельдері заманауи “РЕМА” машинасында жасалады. Бар­лық өнім сапа стандарттарына сай шығарылады. Облыстан шығатын құрал-жабдықтар елдегі жылу электр станцияла­рының жұмысын қамтамасыз етеді. Осылайша қазақстандық жылу орталықтары мен темір ­жол ұйымдары импорттық тә­уел­діліктен арылып, жөндеу жұмыстарының бағасы арзан­дайды.

Кәсіпорынның баспасөз қыз­­метінің мәліметінше, бұ­йым­­дарға алғашқы тапсырыс­тар  түсе бастаған. Бұл ретте за­уыттың тек ел ішінде ғана емес, ТМД елдерінің нарығына шы­ғуға да мүмкіндігі бар.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp