«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сапалы жобалар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста 458 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Нақты жұмыс іс­тей­тіні – 420. Өткен жылы өңірде мем­лекеттік-әлеуметтік тапсырыс ая­сын­да 259 млн. теңгеге 98 жоба жү­зеге асырылыпты. Биыл 97 жо­баға 347 млн. теңге қарастырылып отыр.

Азаматтық альян­с қауымдас­ты­ғының мүшесі Кө­гершін Берда­ғұлованың айтуын­ша, жыл сайын үкіметтік емес ұйымдардың рөлі күшейіп келеді. Олар көтерген әртүрлі мәселелер облыстық, рес­пуб­ликалық деңгей­де шешімін табуда.

Үкіметтік емес ұйым өкілде­рі­нің басқосуына “OzgerTeam” ұлт­тық бастамасы өңірлік серіктес­тігі­нің өкілдері де қатысты. Бақытжан Тұрсынов сегіз жылдан бері өңір­де пікірсайыс ойындарын дамыту­мен айналысып келеді. Осы күнге дейін облыстық, републикалық деңгейдегі турнир-тренингтер ұйым­дастырған.

– Қазіргі уақытта үкіметке не­ме­се басқа да үшінші жақтың кө­мегі­не жүгінгісі келетін жастар бар. Солар­дың ойын өзгерткіміз келеді. Яғни өзгеріске талпыну үшін әр адам ең алдымен өзін өзгертуі қа­жет, – дейді ол.

Қоғам белсенділерінің айтуын­ша, соңғы кезде жобаның санына емес, сапасына баса мән берілу­де. Қыруар қаржы бір реттік жар­қыл­дақ жобаларға емес, мазмұн­ды да мағыналы, пайдалы жоба­ларға бағытталып жатыр.

 Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp