«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тиімді бағдарлама

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

1 наурыздан бастап “Отба­сы банкінде” жаңа мемлекеттік бағдарлама іске қосылды. Қа­зақстандықтар 30 сәуірге дейін Баспана маркет otbasybank.kz порталында “Отау” бағдарла­ма­сына қатысуға өтінім бере ала­ды. Бағдарламаға Қазақ­стан Республикасының аза­мат­тығы немесе қандас мәр­те­бесі бар, 18 жастан 63 жасқа дейінгі адамдар қатыса алады. Сонымен қатар қатысушының соң­ғы 6 ай ішінде ресми табы­сы болуы керек, өзінің және от­басы мүшелерінің атында соң­ғы 5 жыл ішінде кез келген жыл­жымайтын мүлік түрінің бол­мауы да тексеріледі. Астана, Ал­маты қалаларының тұрғын­да­­ры­­на 30 млн. теңге қаражат бе­рілсе, еліміздің басқа өңірле­ріне берілетін заем сомасы 18 млн. теңгеге дейін.

– “Отау” бағдарламасына өті­нім беру үшін міндетті түрде кезекте тұрудың қажеті жоқ. Ең бастысы, біздің “Отбасы банк­тің” салымшысы болуы қажет. Отбасы банкінде кемінде 18 ай салымы, шотында 1 млн. теңге­ден астам қаражат болуы ке­рек, – деді “Отбасы банк” АҚ облыстық филиалы бизнесті да­мыту бөлімінің маманы Наз­ерке Ғалым.

“Отау” бағдарламасының шарт­тары бойынша алғашқы жар­на 20 пайыздан басталады. Кре­дит бойынша жылдық мөлшер­ле­ме – 9 пайыз. Несие 19 жылға дейін беріледі, “Табысты”, “Жи­нақ” және “Арнау” тарифтік бағ­дарламалары шеңберінде ашыл­ған депозиттер бағдар­ла­маға қа­тыстырылмайды. Соны­мен қа­тар салымшыда инкас­салық өкім­дер мен төлем талап­тары түріндегі шектеулердің бол­мауы маңызды.

– Қалада бірінші деңгейлі пә­терді ғана алуға болады. Ал бағ­дарлама шарты бойынша моно­қалаларда немесе аудандарда, ауылдарда екінші деңгейлі пә­терді алуға рұқсат. Және олар­дың барлығы біздің банктің шар­тына сәйкес болуы керек. Кон­курстан өткеннен кейін біз төлем қабілеттілігін растауға шақыра­мыз.Төлем қабілеттілігі растал­ғаннан кейін алты ай уақыт бере­міз. Осы уақыт ішінде пәтерді із­деп-тауып, рәсімдеп үлгеру ке­рек, – деді Назерке Ғалым.

Қатысушыларды іріктеу бал­дық жүйе бойынша жүргізіледі. Салым бойынша сыйақы мөл­шерінің көлемі – әрбір 1 000 теңге үшін 5 балл. Депозит мерзімі яғни, әрбір жыл үшін 5 балл бе­ріледі. Егер бағдарлама қатысу­шысы некеде болса оған тағы 10 балл қосылады. Сонымен қатар 18 жас­қа дейінгі балалары болса 50 балл беріледі.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp