«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОРТАЛЫҚТАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі “Жаңа ХҚКО” деп аталатын тұжырымда­ма­ны енгізіп жатыр. Біздің өңірде аталған тұжы­рымдама аясында екі халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істеуде. Алғаш­қысы Петропавл қа­ласында, екіншісі Бескөл ауылында орналасқан. Петропавлдағы орталық­тың іші өзгеріп, ұлттық нақыштағы ою-өрнекпен безендірілген.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұ­хам­­бетов жаңашылдыққа бет бұр­ған халыққа қызмет көрсету орталығына барып, жұмысымен танысты. Өткен жылы мекеме­де тың өзгерістер орын алды. Қыз­мет көрсету жылдамдығы жақ­­сарып, ыңғайлы күту орны пай­­да болды. Осының барлығы орталыққа келушілерге қажетті қызметті тез әрі артық құжатсыз алуға мүмкіндік береді.

– Бізде жылдамдық аймағы бар. Мұнда көп уақытты қажет ет­пейтін жылдам қызметтер көр­се­тіледі. Жайлылық аймағында уа­қытты қажет ететін мемле­кет­тік қыз­­меттер көрсетіледі. Әлеу­мет­тік қызмет көрсету аймағы да бар. Он­да адамдар зейнет­ақы, жәр­демақы ресімдей­ді. Ал бай­ла­ныс аймағында тұтыну­шы­­лар біз­дің кеңесшінің кө­мегі­мен бір­қатар қызметті элек­трон­дық фор­матта алады, – де­ді “Аза­маттар­ға ар­нал­­ған үкі­мет” МК КЕАҚ фи­лиа­лы­ның ди­ректоры Еркін Жұмабай.

Өңір басшысы цифрлан­ды­руды одан әрі жалғастырып, он­лайн форматқа көшу қажеттігін атап өтті. Ол үшін халыққа қыз­мет көрсету орталықтарының мо­бильді топтары ауылдарға ба­рып, тұрғындарға түсіндіру жұ­мыс­тарын жүргізу қажет.

– Облыста 6 млн.-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның 98, 8 пайызы электронды форматта жүзеге асырылады. Ал халыққа қызмет көрсету ор­та­лықтары 182 қызмет көрсете­ді. Бұл – аз көрсеткіш. Элек­тронды қызметтің санын артты­ру үшін қандай да бір шаралар­ды қолға алу керек. Себебі қазір барлық ақпарат компьютер мен телефонда. Бұл – халық үшін ең ыңғайлы тәсіл, – деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Өткен жылдан бері орта­лық­қа АХАТ қызметінің функцияла­ры берілген. Аталмыш орталық күніне мыңнан астам адамға қыз­­мет көрсетеді. Облыс бо­йын­ша ха­лыққа қызмет көрсету орталы­ғында – 763, ал Петро­павл­да 57 қызметкер бар. Олар­дың ең­бек­ақылары 50 пайызға көтерілген.

Жұмыс сапары барысында Ғауез Торсанұлы қызмет алу­шы­лармен де тілдесті. Орта­лық­қа келушілер ХҚКО-ның жұ­мысы туралы оң пікір білдіріп, қыз­меткерлердің сауатты жұ­мы­сына риза екендерін айтты.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp