«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Диқандарға – арзан жанармай

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл өңірде егіс ал­қабының аумағы был­тырғы деңгейде қал­мақ. Десек те, азық-тү­лік қауіпсіздігін қам­тамасыз ету үшін кар­топ пен қарақұмық ал­қабы ұлғайтылады.

Облыстық ауыл шаруа­шы­лығы және жер қатынастары бас­­қармасы баспасөз қыз­меті­нің мәліметінше, Мемлекет бас­шы­сының 2024-2028 жыл­дары ауыл шаруашылығы жал­пы өні­мінің көлемін 2 есеге ұлғайту жө­ніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Жол кар­тасы әзір­лен­ген. Биылғы егіс алаңыны­ң көлемі – 4,5 млн. гектар, оның 3,4 млн. гектарына дәнді және дәнді-бұршақты да­қыл, 751 мы­ңына майлы дақыл және 379 мың гектарға жемшөп егілмек.

“Азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз ету және ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар өнім­дермен толтыру үшін қарақұ­мық алқабы 26 мың гектарға, яғни шамамен екі есе, картоп 34,1 мың гектар алқаптан 7,7 мың гектарға дейін ұлғайты­ла­ды. Жақсы өнім алу үшін ми­нералды тыңайтқыштарды кө­бірек пайдаланамыз. Былтыр 2,6 млн. гектар алқапқа 190,2 мың тонна тыңайтқыш қолда­нылса, биыл шамамен 256 мың тонна минералды тыңайт­қыш енгізу жоспарланған. Бұл ел бойынша қолданылатын тың­айт­қыштардың жалпы көле­мінің шамамен 30 пайызы”, – дейді басқарма басшысы Мей­рам Меңдібаев.

Қазіргі уақытта көктемгі егіс­ке техника 90 пайыз дайын.

Ауыл шаруашылығы ми­нистр­лігі биыл ауыл шаруашы­лығы жұмыстарына дизель отынын бөлудің жаңа тетіктерін іске қосады.

Ведомство дизель отынын бөлудің барлық процестерін, оның ішінде дизель отынын жет­кізу жөніндегі операторларды ай­қындау жөніндегі комис­сия­ның жұмыс тәртібін және опера­торларды айқындау шартта­рын, сондай-ақ дизель отыны­ның көлемін субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпарат­тық жүйесінде электронды қа­лыптастыру және бөлу проце­сін қамтитын қағидалардың жо­басын әзірледі.

Шаруалар үшін жанармай кө­лемін қалыптастыру және бөлу ауыл шаруашылығы дақыл­да­рының түрлері бойынша 1 гек­тарға дизель отыны шығысы­ның нормативтеріне сәйкес, егіс алқаптарын ескере отырып жүргізіледі.

Дизель отынын алушы­лар­дың тізімі gosagro.kz. порта­лында автоматтандырылған режімде жасалады.

“Мемлекет көктемгі дала жұмыстарына 53,2 мың тонна дизель отынын бөлді, оның 6 мың тоннасын ақпан айында алдық. Қалғаны кезең-кезеңмен мамыр айының ортасына дейін жеткізіледі. Диқандар үшін ди­зель отынының бағасы литріне 250 теңге болмақ. “Қазгид­ро­мет” мекемесінің деректері бо­йынша 2023 жылы топырақтағы ылғалдың қоры 99 мм немесе 147 пайыз, норма – 69 мм. Қаң­тар айында жауын-шашын 29,2 мм немесе нормадан екі есе көп жауды. Ылғал қоры жеткілікті”, – дейді Мейрам Меңдібаев.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp