Үздік үштік қатарында
Алматы қаласында құзға өрмелеуден ел біріншілігі өтуде. Жарысқа ересектер, жастар мен жасөспірімдер қатысып жатыр. Қазақстан чемпионатында еліміздің 6 өңірінен 28 спортшы бақ сынауда. Ересектер арасында үздіктер анықталды. Құзға өрмелеуде солтүстікқазақстандық Мұхаммед Бейсенов екінші орын иеленді. Ал әйелдер арасында жерлесіміз Анна Денисова үшінші орынға қол жеткізді. Жалпыкомандалық есепте ересектер арасында Астана командасы көш бастаса, Алматы спортшылары …