«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 06.03.2024

Бірлікке шақырған форум

Облыс орталығындағы Достық үйінде “Қазақ халқына – мың алғыс” этностар форумы өтіп, айтулы іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына және Алғыс айту күніне арналды. “1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқы Ассам­блея­сы құрылып, Қазақстанды мекен­дейтін қазақ халқы мен өзге этнос­тарды бір шаңырақ астына топ­тас­тырып, айқын мақсаттар мен армандарға жетелеп келе жатқан бірегей құрылым ретінде таныл­ды. Бұл күні …

Бірлікке шақырған форум Read More »

Қауіпсіздік үшін қажет

Өңірлік коммуникациялар қыз­метінде өткен баспасөз мәслиха­тын­да облыстық төтенше жағ­дай­лар департаменті бастығы­ның орынбасары Дмитрий Рас­тихин өрт қауіпсіздігі жайлы баян­дады. Биыл өңірде 103 өрт оқи­ғасы тіркеліп, алты адам ажал құш­қан. Оттан келген залал  47 млн. теңгеден асып жығылады. Статистикаға сүйенсек, өрттер­дің 74 пайызы жеке тұрғын үй сек­торында орын алады екен.  Сондықтан үйге улы газ, түтін таралғанда дыбыс …

Қауіпсіздік үшін қажет Read More »

ЕҢ СӘНДІ КИІМ – ҰЛТТЫҚ КИІМ

Қазақ ою ойып, өрнек тоқып, киім тіккен адамды “ісмер” деп атаған. Өңіріміздің тумасы, талантты дизайнер Зарина Мавляни бала күннен-ақ әдемі заттарға қызығушылық танытып, қолөнер бұйым­дарына тамсана қараған. Жылдар өте бұл қызығу­шылығы кәсібіне айналды. Қазір ол – кәсіби дизайнер. Бү­гінде үш қыз тәрбиелеп отыр­ған жас ана алға қойған мақсат­тарына нық қадам басып келеді. Тоғыз жыл бұрын …

ЕҢ СӘНДІ КИІМ – ҰЛТТЫҚ КИІМ Read More »

Жан үйлесімі

Облыстық полиция де­пар­таментінің маманда­ры  Халықаралық әйелдер кү­ні қарсаңында ведомст­вода жұмыс істейтін қыз-келіншектерге арнап тре­нинг өткізді. Погон таққан арулар үшін ар­найы бағ­дар­лама әзірлен­ді. Тренингтің мақсаты – нәзік жан­дарға жан-жақты қолдау көр­сету. Шарада терең психология­лық және сауықтыру әсерін бе­ретін шегеде тұру әдісі қолданыл­ды. Әсерлі музыкамен би қатысушы­ларды бір сергітіп тас­тады. Сабақ соныңда аутотренинг сеансы ұйымдастырылды. – Біздің …

Жан үйлесімі Read More »

Дәстүр дәріптелді

Достық үйінде Халықара­лық әйелдер күніне орай Ас­сам­блея жанынан құрылған ана­­лар кеңесінің аудандық фи­лиал­дары арасында сайыс өт­ті. Облыстық байқауға Аққа­йың, Шал ақын, Тимирязев, Ақ­жар, Жамбыл, Айыртау, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан­дар­­дағы аналар кеңестерінің мү­шелері қатысты. Екі кезең­нен тұратын жарыстың ал­ғаш­қы сатысында қатысушылар әр аудандағы аналар кеңесте­рі­нің жұмысымен таныстырып, жү­зе­ге асырылып жатқан жо­ба­ла­ры туралы баяндады. Екін­ші ке­зеңде қазақтың …

Дәстүр дәріптелді Read More »

Әжелер сайысы

Шал ақын ауданында ал­ғаш рет “Дәстүріміздің бал қаймағы – әжелер” атты са­йыс өтті. Жарысқа қатыс­қан жеті қария жиналған­дар­ға ұршықпен жіп иіру, құрақ құрауды үйретіп, ұлттық та­ғамнан дәм татқызды. Іс-шараның мақсаты – ұмыт болған немесе жоғалып бара жатқан дәс­­түр­ле­рімізді қайта жаңғыртып, өс­келең ұр­паққа үлгі ету. Сайысқа 60-70 жас ара­­лығындағы әжелер қа­тысты. Өнер сайысының талап­та­ры бойын­ша әр …

Әжелер сайысы Read More »

Солтүстік кубогы

Петропавлда кеңес әске­рінің Ауғанстаннан шыға­рыл­ғанына 35 жыл толуына орай кикбоксингтен тур­нир өтті. “Солтүстік ку­богы” деген атаумен ұйым­дастырылған жарыс­қа елі­міздің түкпір-түкпірінен 150-ден астам спортшы қа­тысты. Турнир жеті салмақ дәрежесі бойынша өтті. 60 килограмм салмақта алдымен шаршы алаңға Қостанай мен Өскеменнің спортшылары шықты. Тартысқа толы кездесуде жеңіс шығыстан келген Ернұр Қайырбековке бұйырды. – Осымен екінші мәрте қатысып …

Солтүстік кубогы Read More »

Мейірім отын маздатқан

Қызылжарлық “Сенім. Үміт. Мейірім” қорының ұйымдасты­руы­мен қалалық Мәдениет үйін­де концерт өтті. Шараға өңір­дің әлеуметтік саласына үлесін қо­сып жүрген белсенді­лер шақы­ры­лып, құрметке бө­ленді. Шара барысында әлеу­меттік жоба­ларға қатысып, қайы­рымдылық­пен айналысып жүрген 18 ерік­тіге марапаттар табысталды. Қор жетекшісі Неля Штайн­бренердің қайырымдылықпен айналысып жүргеніне біраз жыл болды. 2015 жылы онко­логия­лық ауруға шалдыққан ол еш­теңеге мойымай дертінен айық­қан. Содан …

Мейірім отын маздатқан Read More »

МӘСЛИХАТ – ЫҚПАЛДЫ КҮШ

1993 жылғы желтоқсанда “Қа­зақстан Республикасының жер­гілікті өкілді және атқарушы ор­гандары туралы” Заң қабылданып, 1994 жылғы наурыздан бас­тап өкілді билік органдары өз қызметіне кірісті. Бұл маңызды оқиға мемлекет пен қоғам дамуы тарихының жаңа парақтарын ашты. Отыз жыл – тарих үшін қас-қағым сәт болуы мүмкін, ал еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани са­лалары бойынша үлкен өзгерістерге толы маңызды …

МӘСЛИХАТ – ЫҚПАЛДЫ КҮШ Read More »

Жалған екпе

Өңір прокурорлары денсау­лық сақтау мекемелерін тексе­ріп, бірқатар заң бұзушылықты анықтады. Қадағалаушы органның мәлі­метінше, емдеу мекемелері медициналық мақсаттағы бұ­йымдарды тиімсіз пайдаланып, жал­ған екпе қою және ресми құжат­тарды бұрмалау сияқты өрескел заң бұзушылықтарға жол берген. Мәселен, денсаулық сақтау қоймасында жалпы сомасы 7,8 млн. теңге болатын 1,8 мың доза көлемінде қызылша, паротит, қызамық және А гепатитіне қар­сы жарамдылық …

Жалған екпе Read More »

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұ­хамбетов облыс орталығын ара­лау барысында “Динамо” стадио­нының жай-күйімен та­ныс­ты. Қазір бұл нысанды коньки спор­тына бейімдеу мүмкіндігі қарас­тырылуда. Облыс әкімі дене шы­нықтыру және спорт басқар­ма­сының басшысына Петропавл әкімімен бірге тиісті шараларды қолға алуды тапсырды. Одан кейін Ғауез Нұрмұхам­бетов көпсалалы қалалық ауру­ханаға барды. Соңғы бес жылда аурухананы материалдық-техникалық жарақтандыруға және жаңартуға 2,5 млрд. теңге …

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ Read More »

Отбасында бақытты, қызметінде табысты

Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдардан бері әйелдерге тең қолжетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуын қамтамасыз ететін демократия­лық жолды ұстана бастады. Со­дан бері экономикалық еркіндік үшін тең мүмкіндіктерді пайдалану, билік құрылымына әйелдер мен ерлердің бірдей қатысуы, отбасындағы тең құқықтар мен міндеттер үшін талаптар құру, қоғам дамуында әйелдердің рөлін да­мыта беру үшін жаңа мүмкіндіктер туғызып отыру – біздің …

Отбасында бақытты, қызметінде табысты Read More »

Әр рөлім қымбат

“Театр – хас сұлудың көз жа­сындай мөлдір өнер”. Әрбір сахна­гер өзіне берілген рөлді көзінің қарашығын­дай көріп, аялауы керек. Өңіріміз­дегі қазақ өнерінің қара­ша­ңырағы – Сәбит Мұқанов атын­дағы облыстық қазақ сазды-драма театрының та­балдырығын 2013 жылы аттаған күннен бастап Ғ.Мү­сіреповтің “Қыз Жібегінде” Дүрия­ның, Б.Нушичтің “Қарапайым ада­мында” София­ның, Софоклдың “Эдип патша­сында” Иокастаның, Д.Исабеков­тің “Өйтпесе Мағжан бола ма?” туындысында Мәдина­ның, …

Әр рөлім қымбат Read More »

Ананың көңілі балада

Адам баласының өлшеусіз мейірім көретін сәті ана құшағында жатқан кезеңі екен. Тоғыз ай бойы құрсағында көтеріп, толғақ майданында перзентінің аман-есен жарық дүние есігін ашуы үшін жанын салатын ана үшін бақыт атаулының бастау көзі – сәбиінің іңгәсі. Ана бойындағы шексіз қуа­ныш пен сәби жүзіндегі риясыз күлкі үйлесім тапқан кезде, жер бетіндегі барлық тіршілік ана мен бала …

Ананың көңілі балада Read More »

КРИМИНАЛИСТ КЕЛІНШЕК

Полиция қатарында ерлермен қатар қызмет атқарып жүрген қыз-келін­шек­тердің бірі – полиция аға лейтенанты Маржантай Қанғозина. Ол Петропавл қаласы полиция басқармасының құрамындағы жедел-криминалистика бөлімінде 2020 жыл­дан бастап қызмет атқарып келеді. Төрт жылдан бері полиция қатарында еңбек етіп жүрген арудың бұл таңдауына нағашы­лары себеп болған көрінеді. “Анамның інісі ішкі істер орган­да­рында қызмет атқарады. Бала кезімде нағашы ағама …

КРИМИНАЛИСТ КЕЛІНШЕК Read More »

Жанар ТАЛАСПАЕВА: “Жаны сұлу әйел қартаймайды”

– Жанар Серкешқызы, ұлы Абай атамыз “Адамның адам­гер­шілігі жақсы ұстаздан бола­ды” депті. Сіз – талай шәкірттің жүрегіне білім шырағын жа­ғып, қазақ әдебиетінің тереңіне бойлатып келе жатқан жансыз. Данышпан айтқан жақсы ұстаз деген кім? – Адам ұстаздыққа жүрек қа­лауымен бет бұруы керек. Сонда ғана одан жақсы мұғалім шыға­ды. Менің ойымша, ұстаз – қо­ғам­дағы ең ұлағатты мамандық. …

Жанар ТАЛАСПАЕВА: “Жаны сұлу әйел қартаймайды” Read More »

ОН ЕКІ АЙДЫҢ СҰЛТАНЫ

Қазақ халқы ежелден Рамазанды ерекше қастерлеп: “Он екі айдың сұлтаны”, – деп атаған. Берекесі мол айда ағайын-туыстар, көрші-қолаң бір-біріне жарапазан жырын айтып, оразаның келгенін қуанышпен жеткізіп, насихат­таған. Ал ауызашар дастарқаны рухани сұхбаттың, бата мен ізгі тілектің қайнары болған. Ауыз бекіткен адамды айрықша қадірлеп, оған ауызашар беру – бағзыдан келе жатқан салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз. Қазақстан мұсылмандары …

ОН ЕКІ АЙДЫҢ СҰЛТАНЫ Read More »