«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжарлық “Сенім. Үміт. Мейірім” қорының ұйымдасты­руы­мен қалалық Мәдениет үйін­де концерт өтті. Шараға өңір­дің әлеуметтік саласына үлесін қо­сып жүрген белсенді­лер шақы­ры­лып, құрметке бө­ленді. Шара барысында әлеу­меттік жоба­ларға қатысып, қайы­рымдылық­пен айналысып жүрген 18 ерік­тіге марапаттар табысталды.

Қор жетекшісі Неля Штайн­бренердің қайырымдылықпен айналысып жүргеніне біраз жыл болды. 2015 жылы онко­логия­лық ауруға шалдыққан ол еш­теңеге мойымай дертінен айық­қан. Содан бері жоқ-жітікке кө­мектесіп, оларға жәрдем бе­руді мақсат тұтқан. Жүре келе атал­ған қордың негізін қалаған.

– Қор әлеуметтік әлсіз топ­тарға көмек көрсетеді. Ерекше қа­жеттілігі бар балалар, аз қам­тыл­ған отбасынан шыққан ұл-қыз­дар­мен жұмыс істеймін. Тұрғы­лықты мекенжайы жоқ, ВИЧ пен ту­беркулезге шалдық­қандарға да жәрдем береміз. Бүгінгі концерт­те осы жұмыс­тарға белсенді ара­ласқан жан­дарды марапатта­дық,  – дейді Неля Штайнбренер.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.