«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бірлікке шақырған форум

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы Достық үйінде “Қазақ халқына – мың алғыс” этностар форумы өтіп, айтулы іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына және Алғыс айту күніне арналды.

“1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқы Ассам­блея­сы құрылып, Қазақстанды мекен­дейтін қазақ халқы мен өзге этнос­тарды бір шаңырақ астына топ­тас­тырып, айқын мақсаттар мен армандарға жетелеп келе жатқан бірегей құрылым ретінде таныл­ды. Бұл күні басқа мемле­кет­тер­ден депортацияға ұшы­рап, ерік­сіз жер аударылған өзге ұлыс өкілдері, олардың ұрпақта­ры қиын-қыстау кезеңде достық құ­­ша­ғын айқара ашып, қарсы ал­ған қазақ еліне ақ жүрек лебіз­дерін білдіріп, сансыз рақметте­рін ай­тады”,– деді форумда сөз алған облыстың құрметті азама­ты Ана­толий Башмаков.

Сол бір аумалы-төкпелі ке­зең­де Қазақстанды 800 мың не­міс, 102 мың поляк, 18 мыңнан ас­там кәріс паналаған. Бүгінде олардың ұрпақтары еліміздің әр өңірінде өмір сүріп жатыр. Осы ретте түрлі этнос өкілдері Қа­зақстан ортақ Отаны екенін, бейбітшілік пен келісім тамырын тереңге жайған жерде бірлік те, достық та болатынын, елімізде, ең бастысы, еңбек етуге, білім алуға жағдай тудырыл­ғанын ерекше атап өтті. Олар Қазақ­стан халқы Ассамблеясы аясын­да топтаса отырып, этносаралық және қоғамдық келісімді қолдауға шақырды.

Жиын барысында этносара­лық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін бір топ белсенді­ азаматқа айрықша құрмет көрсе­тіл­ді. Олар Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының және облыстық ішкі саясат басқармасының Ал­ғыс хаттарымен марапатталды.

Солардың бірі – “Дустлык” өзбек этномәдени орталығының жетекшісі Баян Қалдыбекова. “Дустлык” өзбек этномәдени ор­талығы Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылында орналасқан. Сегіз жыл бұрын құрылған бір­лес­тік өзге қоғамдық ұйымдар­мен ынтымақтаса жұмыс істеп келеді.

  Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp