«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢ СӘНДІ КИІМ – ҰЛТТЫҚ КИІМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақ ою ойып, өрнек тоқып, киім тіккен адамды “ісмер” деп атаған. Өңіріміздің тумасы, талантты дизайнер Зарина Мавляни бала күннен-ақ әдемі заттарға қызығушылық танытып, қолөнер бұйым­дарына тамсана қараған. Жылдар өте бұл қызығу­шылығы кәсібіне айналды.

Қазір ол – кәсіби дизайнер. Бү­гінде үш қыз тәрбиелеп отыр­ған жас ана алға қойған мақсат­тарына нық қадам басып келеді. Тоғыз жыл бұрын “Ринстондар әлемі” атты бірінші дүкенін аш­қан шебер жасаған бұйымдары­на сұраныс бар екенін аңғара­ды. Бірақ бұл салада да бәсеке  бар екені аян. Шеберлер кө­бейіп, дүкендер бірінен соң бірі ашыла бас­таған кезде кәсіп түрін жа­ңарту керек екенін тү­сінеді. Осы мақсатпен еліміздің оңтүстігін­дегі қолөнер шебер­лерімен бай­ланысып, көздің жауын алатын сапалы ұлттық киімдер тігудің қыр-сырын үй­ренуге бел буады. “Бұл мақсат мені шабыттан­дырды. Өйткені ол кезде Пет­ропавлда заманауи ұлттық на­қыш­тағы қымбат және сапалы киім­дер әлі тігілмейтін еді”, – дейді дизайнер.

Осылайша ұлттық киім­дер тігетін және жалға беретін “Зарина Мавляни сән үйін” аша­ды. Киімдерді тігу көп уақытты қа­жет етеді. Мәселен толық кестелен­ген сәукелені тігу үшін бір ай керек.

Биылғы жылы “Зарина Мав­лянидің сән үйі” ұлттық кимдерді жалға беріп, жеке кәсібін ашқы­сы келетін қыздарға көмектесе бастады.

Сержан НҰРТОЛҚЫНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp