«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МӘСЛИХАТ – ЫҚПАЛДЫ КҮШ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

1993 жылғы желтоқсанда “Қа­зақстан Республикасының жер­гілікті өкілді және атқарушы ор­гандары туралы” Заң қабылданып, 1994 жылғы наурыздан бас­тап өкілді билік органдары өз қызметіне кірісті. Бұл маңызды оқиға мемлекет пен қоғам дамуы тарихының жаңа парақтарын ашты. Отыз жыл – тарих үшін қас-қағым сәт болуы мүмкін, ал еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани са­лалары бойынша үлкен өзгерістерге толы маңызды кезең саналады. Осы уақыт аралығында жергілікті халық қалаулылары да демократияны нығайтуға, халық­ты әлеуметтік жағынан қорғауды қамтамасыз етуге зор үлес қосты.

Бірінші шақырылым депутат­тары облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсене араласып, күш-жігерлерін, қажыр-қайраттарын экономикалық тығырықтан шығып, жағдайдың тұрақтануына арнады. Ауыл ша­руашылығы, индустриялық-инновациялық, энергетикалық, тұр­ғын үй, тәртіп, қоғамдық келісім, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелеріне қатысты бағдарламалар қа­былда­нып, экономика, бюджет және қар­жы мәселелерін арт­тыруға бағытталды. Облыстық мәсли­хаттың құрметті депутат­тары Ерем­бек Әубәкіров (облыс­тық мәслихаттың алғашқы үш ша­қы­ры­лымының хатшысы), Қайыр­­лы Едіресов (төртінші, бе­сінші шақырылымдардың хат­шы­сы), Еркебұлан Мәмбетов, Екпін Әбиев, Бейбіт Мұстафина, Свет­лана Кашенцева, Ралья Нур­му­канова, Анатолий Рафаль­ский, Алтынбек Сапаров, Серік Ахмет­беков, Гюлага Илдыры­мов, Па­вел Афанасьев, Алек­сандр Ка­занцев, Балтабай Мұса­баев, Юрий Шоль, Балкүміс Ыс­қа­қова, Қайрат Шәріпов, Влади­мир Оче­ретенко, тағы басқа­лары қыж-қыж қайнаған тіршілік ағынының бел ортасында жүрді. Мұ­хамед­жан Лұқбанов, Әлім Шү­кенов, Ни­колай Коняхин, Бақыт­жан Сә­миева сияқты еңбек ар­дагер­лерінің есімдері мақта­нышпен аталады. “Раисовское” ЖШС-ның ди­ректоры Владимир Коваленко, “Бабық Бұрлық” ЖШС-ның басшысы Сейілбек Махметов бірнеше шақырымның депутаты болды. Бүгінгі таңда ірі шаруашылық құ­рылымдарына жетекшілік ететін Геннадий Зен­ченконың, Алек­сандр Касьянен­коның, Серік Жү­кеевтың тынды­рымды істері, табанды да ең­бек­қорлық қасиет­тері өзгелерге үлгі. Олардың ерек­ше, креативті ой­лауының ар­қасында мәслихат жұмысында жаңа тәсілдер қа­лыптасты.

Президент Қасым-Жомарт То­қаевтың көппартиялық жүйені же­тілдіру және саяси партияларды ынталандыру жөніндегі саяси бас­тамалары негізінде 2019 жыл­дан бастап Қазақстанның саяси жүйесін реформалау басталды. “Саяси партиялар туралы” заңға өзгерістер мен толықтырулар ен­гі­зіліп, көптеген жеңілдіктер қа­растырылды. Мәселен, саяси партиялар құру үшін тіркелетін адамдардың саны 40-мыңнан 20 мың адамға дейін төмендетілді. Бұл шара жаңа саяси бастама­лардың кеңінен қанат жаюына қозғау салды. “Сайлау туралы” Конституциялық Заңда тиісті пар­тиялық тізімдерде әйелдер, жас­тар және мүгедектігі бар адам­дар үшін 30 пайыздық квота бел­гі­ленді. Бұл жаңашылдық алғаш рет 2021 жылғы 10 қаңтарда өт­кен Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат­тар­дың депутаттарын сайлау барысында алғаш рет қолданылып, оң үрдіс екенін көр­сетті.

Елде ауқымды саяси өзгеріс­тер одан әрі жалғасын тауып, ре­ферендумды қоса алғанда, бір жылға жуық уақыт ішінде өте ма­ңызды 5 саяси науқан өтті. Мұ­ның өзі билік тармақтары ара­сындағы оңтайлы тепетеңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндіктер берді. Еліміз күшті парламенті бар президенттік басқару моде­ліне көшті. Адам құқықтарын қор­ғау сала­сында маңызды қадам­дар жа­салды. Азаматтардың мемле­кет­тік шешімдер қабылдауға қа­тысу өрісі кеңейтілді. Қоғамның саяси мәдениеті сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Мемле­кет бас­шысы атап өткендей, ел­дің саяси жүйесі “күшті Прези­дент – ық­палды Парламент – есеп бе­ретін Үкімет” формула­сына негіз­делген.

2023 жылғы 19 наурызда рес­публика аумағында Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы аралас сайлау жүйесі бойынша өтті. Облыс және рес­публикалық маңызы бар қала деңгейіндегі мәслихатқа канди­даттардың 50 пайызы партиялық тізім, қалған 50 пайызы мажори­тарлық жүйе бойынша бәсекелес­ті. Аудандар мен қалалар деңгейінде мәслихаттардың барлық құрамы мажоритарлық жүйе бойынша таңдалды.

Облыстық мәслихаттың құ­рамына төрт саяси партияның белгілі және белсенді өкілдері кірді (“Amanat”, “Ақ жол”, “Ауыл” және “Respublica”). Депутаттық кор­пусқа әртүрлі жастағы, кәсібі және қызметі саналуан адамдар ұсынылды. Олардың ішінде сайлаушылардың сеніміне, алғысына ие болған жастар мен әйелдер аз емес.

Бүгінгі күні атқарушы және өкілді органдардың алдында тұрған басты міндет – халықтың әл-ауқатын арттыру. Бұл мәсе­лелер бойынша арнайы жоба­лар қабылданып, толық келісім­де жұмыс істеп келеміз. Депутаттық корпус жаңа инвестициялық ұсыныстар мен бастамаларды іске асыру барысында жергілікті билік тарапынан әркез қолдау тауып отырады.

Халық қалаулылары облыс­тан сайланған сенатор­лармен және мәжілісмендермен өзара ты­ғыз ынтымақтастық орнатқан. Қазақстан мәслихатта­ры депу­тат­тарының респуб­ликалық қо­ғам­дық бірлестігімен де жан-жақты әріптестік байла­ныс қа­лыптасқан. Келісім бойынша мем­лекеттік мекемелердің консультативтік-кеңесші ор­гандары­ның, қоғамдық кеңестің жұмыс­тарына жүйелі түрде қатыса­мыз. Қабылданған шешім­дер зерде­леніп, сындарлы пікірлер назар­дан тыс қалмайды.

Сондай-ақ депутаттардың сай­лаушылар алдында есеп бе­руін реттей отырып, тығыз бай­ланыс орнатуға және олардың жұмысының ашықтығын артты­руға зор мүмкіндіктер ашылды. Тұрақты комиссиялардың жұ­мыс форматы өзгертіліп, тың мін­деттер жүктелді. Отырыстарда бас­ты назар қоғамдағы ең өзекті мәселелерге аударылады. Мы­салы, бүгінде оқушылар арасында күш қолдану, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық оқиғалары жиілеп кетті. Осыған орай әлеуметтік мә­селелер жөніндегі тұрақты ко­миссияның төрайымы Ольга Кли­шинаның бастамасымен жұрт­шылықты, құқық қорғау орган­дарын тарта отырып, диалог алаң­дары құрылды. Иннова­циялық тәсілдің тағы бір түрі – де­путаттық корпустың біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстың тұ­рақтылығы болып табылады. Бұл – өте маңызды қадам. Өкілді органдағы қызмет құзіретін жаңа арнаға бұру оңай емес. Де­путаттар кезең-кезеңімен оқы­тудан өтіп, білімдерін жетіл­ді­реді, кәсі­би шеберліктерін шың­дайды. Мемлекеттік басқару ака­демия­сының облыстық филиа­лы депутаттар тарапынан түскен сауалдарды зерделейді. Астана­дан кел­ген сарапшылар, басқарма бас­шылары, түрлі саладағы тә­жірибелі мамандар дәріскерлер ретінде тартылады.

Мәслихатты жаңғырту шеңберінде азаматтардың өтініш­терімен жұмыс істеудің мәні ай­рықша. Мәслихат қызметкерлері ай сайын талдау жасап, аппа­раттық кеңесте талқыланады. Жауаптар “Е-өтініш” арқылы ат­қарушы органдарға және өтініш берушіге жіберіледі. Мемле­кет­тік органдардың нормативтік-құқықтық актілері сессияға шыға­рылғанға дейін тұрақты комис­сияларда міндетті түрде алдын ала талқыланады. Комиссия мү­шелері жергілікті жерлерде жи­нақталған мәселелерді қарау үшін елді мекендерге барады, аза­мат­тарды жеке мәселелер бойынша қабылдаулар, сайлау­шылармен кездесулер ұйымдас­тырылады. Бюджет қаражатын тиімді игеру үшін объектілерге шыға отырып, ұлттық жобалар мен өңірлік бағ­дарламалардың іске асыры­луы­на бақылау жүр­гізеді.

Муниципалды теле­радио­арнада (МТРА) депу­тат­тардың ат­қарып жатқан жұ­мыс­тарымен таныстыратын “Мандат” бағдар­ламасы, облыстық “Soltüstık Qa­zaqstan” газетінде “Уәде” айдары ашылды. Бұдан бөлек, халық қа­лаулылары әлеуметтік же­лі­лер­де өздерінің жеке парақшаларын жүргізеді.

Мәслихат отырыстары он­лайн режімде ашық түрде көр­сетіледі. Материалдар, анықта­ма­лар ресми сайтта және әлеу­меттік желілерде орналас­тыры­лады. Халықты ақпараттан­дыру облыстық баспа және электрондық басылымдар арқылы да жүзеге асырылады. Мұның депутаттық қызметтің қолжетім­ділігі мен ашықтығына игі әсері мол.

“Қазақстан Республика­сын­дағы жергілікті мемлекеттік бас­қару және өзін-өзі басқару туралы” Заңға сәйкес, аудандық және қалалық мәслихаттардың облыс­тық мәслихатқа тікелей ба­ғынысы жоқ. Алайда күнделікті жұмысымызда аудандардың көп­теген мәселелерін талқылай­мыз, пікір алмасамыз, жұмыс тә­жірибесімен бөлісеміз. Мәслихат төрағалары сессия­ларға қатысады, аудандық депу­таттар материалдарды облыс­тық бұқа­ралық ақпарат құрал­дарында жариялайды. Тұрақты комис­сиялардың көшпелі оты­рыста­рында облыстық және аудан­дық депутаттар құры­лыс ба­рысын, жолдарды жөндеу сапасын бақылайды. Аза­маттарды қа­былдау жүргізеді.

Ауылдық округтерде тұратын тұрғындардың өз депутатта­рына деген сенімі жоғары, әркез лайықты бағаларын беріп отыра­ды. Әлеуметтік маңызды мә­селелерді шешу жолындағы үлкен жауапкершілікті орынды бағалайды.

Алдымызда нақты мақсаттар мен іргелі міндеттер тұр. Оларға қол жеткізу біздің іс-әрекетімізге, өзара түсіністік пен келісімге, депутаттық корпустағы моральдық-психологиялық ахуалға, ат­қарушы органдармен тиімді ынтымақтастыққа тікелей байланысты екенін жақсы түсінеміз.

Владимир БУБЕНКО, облыстық мәслихаттың төрағасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp