Soltüstık Казахстан
Қызылжарлық “Сенім. Үміт. Мейірім” қорының ұйымдастыруымен қалалық Мәдениет үйінде концерт өтті. Шараға өңірдің әлеуметтік саласына үлесін қосып жүрген белсенділер шақырылып, құрметке бөленді. Шара барысында әлеуметтік жобаларға қатысып, қайырымдылықпен айналысып жүрген 18 еріктіге марапаттар табысталды.
Қор жетекшісі Неля Штайнбренердің қайырымдылықпен айналысып жүргеніне біраз жыл болды. 2015 жылы онкологиялық ауруға шалдыққан ол ештеңеге мойымай дертінен айыққан. Содан бері жоқ-жітікке көмектесіп, оларға жәрдем беруді мақсат тұтқан. Жүре келе аталған қордың негізін қалаған.
– Қор әлеуметтік әлсіз топтарға көмек көрсетеді. Ерекше қажеттілігі бар балалар, аз қамтылған отбасынан шыққан ұл-қыздармен жұмыс істеймін. Тұрғылықты мекенжайы жоқ, ВИЧ пен туберкулезге шалдыққандарға да жәрдем береміз. Бүгінгі концертте осы жұмыстарға белсенді араласқан жандарды марапаттадық, – дейді Неля Штайнбренер.
Диас АЯҒАН,
“Soltüstık Qazaqstan”.