«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қалың қардан қауіп көп

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұ­хам­бетов Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда су тасқы­ны­на қарсы іс-шаралардың орын­далу барысын тексерді. Рузаевкада­ғы жағдай туралы есепті тың­дап, Жембарақ және Шарық өзендерін бақылап, су өткізгіш құбырларды тазалау барысын қарады. Бірлік ауылына Есіл өзе­ні арқылы өтетін көпір құры­лысының жобасымен таны­сып, арнайы техниканың да­йын­дығын да бақылады.

Сондай-ақ Ғауез Нұрмұ­хам­бетов көктемгі су тасқы­ны­на дайындықты пысықтау үшін төрт аудан басшыларының қа­ты­суымен кеңес өткізді. Ма­ңыз­ды жиынға Ғабит Мүсі­ре­пов атындағы, Шал ақын, Ти­ми­рязев және Айыр­тау ау­дан­дарының әкім­дері мен тиіс­ті ве­домство жетекшілері қа­тысты.

“Бұл мәселе өте күрделі. Бар­лық жауапты мемлекеттік органдарға күшейтілген жұмыс режіміне көшуді және негізгі іс-шаралар жоспарының уақы­ты­лы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырдым. Әсіресе барлық су өткізгіш­тер­ді тазарту, қар шығару және инертті материалдарды да­йын­дау жұмыстарын күшейту қажет”, – деді өңір бас­шысы.

Сонымен қатар сапар ба­ры­сында Ғауез Торсанұлы әлеу­меттік нысандарды ара­лап, “Будённое СК” серіктесті­гі­нің сүт фермасының құрылы­сы­мен танысты. Рузаевкадағы “Тұқым” се­рік­тес­тігі ауыл тұр­ғын­дарына жа­ғдай жасап, нау­байхана, кү­рес және спорт залдарын ашып, дәм­хананы жөндеген. Не­жинка ауылында әкесі Мұ­рат Жұма­бе­ковтің ісін қызы Ди­на Баты­қова жалғас­тырған. “Нежинка ер­ке” серік­тестігінде балабақ­ша мен Мә­дениет үйі жұмыс іс­тейді, ал­дағы уақытта сүт фер­ма­сының құрылысы басталмақ.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp