«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Екі қап марихуана

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық полицейлер Аққайың ауданы­ның 55 жастағы тұрғынының үйінен екі қап кептірілген ма­рихуана тәркіледі.

Ер адам маскүнем ретінде есеп­те тұрған. Ол өсімдік тектес затты ас үйдегі газ плитасының артына жасырған. Есірткінің жалпы сал­мағы 8 келі 910 грамды құрады. Атал­ған факті Қылмыстық кодекстің 296-бабының 3-бөлігі (Есірткі, пси­хотроптық заттармен, сол тектес­термен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілі­міне енгізілді.

– Есірткіні өткізу фактілері және құрамында есірткі бар заттарды өсі­ру деректері болған-болмағанын анық­тау үшін барлық мән-жайлар тексеріледі. Жылдың басынан об­лысымызда есірткіге қатысты 59 құ­қық бұзушылық анықталды, заңсыз айналымнан 15 килограмға жуық түрлі есірткі тәркіленіп алынды, – дейді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

“Qyzyljarnews.kz”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp