Құспек ауылында жұмыс істейтін Ақан отбасылық дәрігерлік амбулаториясы жөндеуден кейін есігін айқара ашты. Бұл “Исағали” ЖШС-ның директоры Сансызбай Хамзин мен директорлар кеңесінің төрағасы Зейнолла Қазиевтің инвестициялық қолдауының арқасында мүмкін болды.
Ақан отбасылық дәрігерлік амбулаториясы серіктестіктен тегін жалға алған ғимаратта орналасқан. Оның бір бөлігі науқастарды қабылдауға бейімделген.
Қалпына келтіру жұмыстары қысқа мерзімнің ішінде атқарылып есік-терезелер, жылу жүйесі ауыстырылды. Дәліздер мен кабинеттер адам танымастай өзгертілді. Қазір мұнда жуынатын бөлме, душ кабинасы бар, автоматты кір жуғыш машинасы қойылды. Әр кабинетке су тартылды. Киім-кешек шкафтары, үстелдер мен орындықтар, кушеткалар орнатылды. Балалар бұрышы да талапқа сай жабдықталды.
Шаруашылықтың 20 млн. теңге қаражатына дәрігерлік амбулаторияға қосымша жабдықтар – тубус кварцы, небулайзер, ингалятор, “Алмаг” магниттік-резонанстық аппараты, компьютер-моноблок, электрокардиограф сатып алынды.
Әйгерім ОМАРОВА.
Айыртау ауданы.