«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңартылған амбулатория

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құспек ауылында жұмыс іс­тейтін Ақан отбасылық дәрігерлік амбулаториясы жөндеуден кейін есігін айқара ашты. Бұл “Исағали” ЖШС-ның директоры Сан­сызбай Хам­зин мен директорлар кеңесінің төрағасы Зейнолла Қазиевтің инвестициялық қолдауының арқа­сында мүмкін болды.

Ақан отбасылық дәрігерлік ам­булаториясы серіктестіктен тегін жалға алған ғимаратта орналас­қан. Оның бір бөлігі науқастарды қабылдауға бейімделген.

Қалпына келтіру жұмыстары қысқа мерзімнің ішінде атқарылып есік-терезелер, жылу жүйесі ауыс­тырылды. Дәліздер мен кабинет­тер адам танымастай өзгертілді. Қа­зір мұнда жуынатын бөл­ме, душ кабинасы бар, автоматты кір жуғыш машинасы қойылды. Әр кабинетке су тартылды. Киім-кешек шкафтары, үстелдер мен орындықтар, кушеткалар орна­тылды. Балалар бұрышы да та­лапқа сай жабдықталды.

Шаруашылықтың 20 млн. теңге қа­ра­жатына дәрігерлік амбу­ла­торияға қосымша жабдықтар – ту­бус кварцы, небулайзер, инга­ля­тор, “Алмаг” магниттік-резо­нанс­тық аппараты, компьютер-моноблок, электрокардиограф са­тып алынды.

Әйгерім ОМАРОВА.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp