«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заңға қайшы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір прокурорлары бюджет қаражатының жұмсалуына жүргіз­ген талдау барысында мемлекет­тік сатып алу заңнамасының өрес­кел бұзылғандығын анықтады. Ве­домствоның мәліметінше, Тими­рязев ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлі­мінің лауазымды тұлғалары мем­лекеттік сатып алу және сәу­лет, қала құрылысы қызметі тура­лы заңдардың талаптарын бұз­ған. Әкімдік 1,1 млрд. теңге тұра­тын қа­зандық құрылысы үшін мем­лекеттік сатып алулар жүргізген. Алайда конкурстық құжат жұмыс жобасының қо­рытын­ды­сына сәйкес келмеген. Салдары­нан бұл басқа конкурсқа қатысу­шылардың құқығын шек­теген.

Қызылжар аудандық білім бө­лімінің қызметкерлері 319,3 млн. теңге сомаға Якорь ауылындағы балабақша ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін мемлекет­тік сатып алулар жүргізген. Алай­да олар заң талаптарына қайшы келіп, мүгедектердің және жүріп-тұруы шектеулі адамдардың әлеуметтік инфрақұрылым ны­сандарына қолжетімділігін қамта­масыз ету шараларын ескер­ме­ген.

Қадағалау органының актілері бойынша бұл екі сатып алу әрекеті жойылды. Қазір кінәлі лауазымды тұлғаларды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту шаралары жүргізілуде.

Жалпы жыл басынан бері про­курорлар 11 мемлекеттік сатып алуды тоқтатып, нәтижесінде 3,3 млрд. теңге бюджет қаражатының заңсыз жұмсалуына жол бермеді.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp