Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде қыздар арасында “QUEEN’S PLAY” ашық турнирі өтті. Шахматтан өткен додаға 60-қа жуық бұрымды қатысты.
Турнирді зияткерлік мектептің қабырғасындағы “Magnus” шахмат клубы ұйымдастырды. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталды.
– Клуб мүшелері бұл жарысты өткізуді дәстүрге айналдырмақ. Биылғы турнирді ұйымдастыруға демеушілер көмектесті, – дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Данияр Уәлиев.
Турнир жеңімпаздары үш жас ерекшелігі бойынша анықталды. Үздік атанғандар грамоталар, медальдар, кубоктар және ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Самрат ҚҰСКЕНОВ,
“Soltüstık Qazaqstan”.