«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Зияткерлер ойыны

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде қыздар арасында “QUEEN’S PLAY” ашық турнирі өтті. Шахматтан өткен додаға 60-қа жуық бұ­рымды қатысты.

Турнирді зияткерлік мек­тептің қабырғасындағы “Mag­nus” шахмат клубы ұйым­дас­тырды. Жүлдегерлерге баға­лы сыйлықтар табысталды.

– Клуб мүшелері бұл жа­рысты өткізуді дәстүрге айнал­дырмақ. Биылғы турнирді ұйымдастыруға демеушілер көмектесті, – дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің дирек­торы Данияр Уәлиев.

Турнир жеңімпаздары үш жас ерекшелігі бойынша анық­талды. Үздік атанғандар гра­мо­та­лар, медальдар, кубок­тар және ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp