«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тиімді депозит

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Енді азаматтар өз балаларының болашағы үшін білім беру мақса­тындағы жинақтау салымын аша алады. Мұндай мүмкіндікті “Отбасы банк” ұсынып отыр. “AQYL” деп аталатын депозиттің мақсаты – азаматтарымыздың өз білім алуына немесе балаларының оқуына қаражат жинауына мүмкіндік жасау. Оның көмегімен қазақстандық немесе шетелдік білім беру мекемесінде оқу ақысын төлеуге болады.

“AQYL” жинақтау салымын кемінде 3 жыл не­месе 5 жыл мерзімге ашуға бо­лады. Егер де­позит кемінде үш жыл мер­зімге ашылса, онда депозит бойынша мөлшерлеме жылдық 12 пайызға (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – ЖТСМ 13,1 пайызға дейін) тең бола­ды. Егер депозит кемінде 5 жыл мерзімге ашылса, онда депо­зит бойынша мөлшерлеме 9,5 пайызға (ЖТСМ 10,1 па­йызға дейін) тең болады. Банк­тің есептелген сыйақысы ай сайын капиталдандырылып отырады. Депозит мерзімі аяқ­талғаннан кейін ол автоматты түрде жаңартылады. “Банк жұ­мысы­ның алғашқы сағатта­ры­нан-ақ 50-ден астам қазақ­стандық депозит ашып үлгерді. “AQYL” – ата-аналарға балала­ры­ның оқуына қаражат жинауға көмек­тесетін ерекше құрал. Шы­ны­мен де, бала дүниеге келісі­мен əр отбасы ұрпағының қан­дай білім алатынын, ұлын не қызын шетелдік жоғары оқу орнында немесе қазақ­стан­дық инсти­тутта оқытатынын ойлайды. Егер бала грантқа түссе, онда “AQYL” депозитін­дегі қаржыны алып, оларды кез келген өзге мақсатқа, соның ішінде тұрғын үй сатып алуға жұмсауға болады”, – дейді “От­басы банк” басқарма төрағасы Лəззат Ибрагимова.

Депозитке жыл сайын есеп­телетін сыйлықақы салымшы­лар­дың барлық санаты үшін 5 пайызды құрайды. Жетім бала­ларға, ата-анасының қамқор­лығынсыз қалған балаларға, мүм­кіндігі шектеулі балаларға, көпбалалы отбасылардан шық­қан жəне жан басына шаққан­дағы табысы аз, яғни азық-түлік себетінен төмен отбасыларға ашылған депозиттерге мемле­кеттік сыйлықақы 7 пайыз мөл­шерінде есептеледі. Жыл са­йын депозитке есептелетін сый­лықақының ең жоғары мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіштен (2024 жылға – 369 200 теңге) аспауға тиіс.

Мемлекеттік сыйлықақыны есептеу үшін салым бір жылға толуға тиіс. Депозит ашылған кез­де міндетті түрде салы­на­тын бастапқы жарнаның мөл­шері үш айлық есептік көрсет­кішке немесе 11 076 теңгеге (2024 жылы) тең болуы керек. Депозиттің ай са­йынғы ауда­рым­дар мөлшерін салымшы өз мүмкіндігіне қарай анықтайды. Айта кетейік, депо­зит мемлекет пен үшінші тұлға­лардың өндіріп алуынан қор­ғал­ған, сондай-ақ ол Қазақ­стандық депозиттерге кепілдік беру қорында сақтан­дырылған. Грант алған кезде жинақтаушы депозитті жабуға жəне мем­лекеттік сыйлықақы­ны қоса алғанда, жинақтаудың барлық сомасын алуға болады.

Сонымен қатар бұл депо­зитті Ұлттық қордан алынған жинақтармен де толықтыру мүмкіндігі бар. Бұл төлемдерді биыл 18 жасқа толған қазақ­стандықтар қолдана алады. Оны “Ұлттық қор – балаларға” жобасы аясында “enpf-otba­sy.kz” платформасы арқы­лы жүзеге асыруға болады.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp