«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тұмау жұқтырғандар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде жедел респиратор­лық вирустық инфекция жұқтыр­ғандар саны 84 мыңға жуық­тады. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда шама­мен екі есе көп.

Биыл дертке шалдыққан нау­қас­тардың 54,5 мыңға жуығы не­месе 65 пайызы – 14 жасқа дейін­гі бала. Ал тұ­маумен ауырғандардың ең көбі – Петро­павлда (36 адам) тіркелді.

Жедел респираторлық ви­рус­тық инфекция мен тұмау ау­руының негізгі белгілері: жоғары температура, интокси­ка­ция, әлсіздік, тамақ ауруы, мұ­рын­ның бітелуі.

Құбылмалы ауа райына бай­ланысты өңірде эпидемиология­лық жағдай тұрақсыз. Сондық­тан ауруды жұқтырмау үшін бет­перде киюге, әлеуметтік ара қа­шықтықты сақтауға, халық көп жү­ретін жерлерге бармауға және жеке бас гигиенасын сақ­тап, қол­ды жиі сабындап жууға кеңес бе­реміз. Өйткені вирустық инфек­ция мен тұмау ауамен ғана емес, қол­мен көзді, мұрын­ды, ауызды ұстау арқылы бері­луі мүмкін.

Салтанат БЕКҚОЖИНА,

облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp