«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Құнарлы мал азығы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық кәсіпкерлер па­латасында “Barenburg” ком­паниясының Орталық Азия­дағы өкілдігінің мамандары семинар өткізді.

Жиынға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысып, “Жақсы өнім алу үшін малға қан­дай шөп беру қажет? Оны қашан егіп, қалай өсіру керек?” деген сұ­рақтар төңірегінде маңызды ақ­параттар алды. Аталған компания жемшөп тұқымын шы­ғарумен айналысады. Олардың өнімдеріне деген сұраныс жоға­ры екен.

– Мені агроном ретінде шөптің жаңа сұрыптары қызықтырады. Биыл серіктестік алқабында жо­ңышқа егуді жоспарлап отырмыз. Біз әртүрлі тұқым егеміз. Көп­жылдық шөп те бар. Жануарлар­дың азығы дәруменге бай болуы ке­рек, – дейді “Петерфельд-Агро” мен “Әйтеке би” серіктестік­терінің бас агрономы Корней Шевченко.

Семинарда жайылымдық жерлерді қалпына келтіру де сөз болды. Шараны ұйымдас­тыру­шылардың айтуынша, бұл мә­селе ауыл шаруашылығы саласы өкілдерінің арасында аса өзекті. Себебі өзге аймақта өткен кез­десулерде осы мәселе жиі көтерілген көрінеді.

– Кейбір ауылдарда жайылым бар, бірақ жемшөп жоқ. Сол се­бепті осы мәселелерді көтеруді жөн көрдік. Жайылымдарды қа­лай қалпына келтіруге болады және жануарларға азық бола­тындай қандай шөп өсіру керек екені айтылды. Бір жылдары Маң­ғыстау облысында жануар­лар­дың қағаз жегені елдің есінде. Мұн­дай жағдай қайталанбас үшін жем­шөп мәселесін шешуді қолға алу керек. Сүт пен еттің сапасы мал­дың азығына байланысты екені белгілі, – дейді “Barenburg” ком­паниясының Орталық Азиядағы өкіл­дігінің директоры Нұрлан Дәулетбаев.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp