«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛЫ МҰРАТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тәлім-тәрбие – жеке тұлға­ның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі үдеріс. Нә­ресте, балдырған, өрен, жасөспі­рім, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады.

Президент Қасым-Жомарт То­қаев қа­сиетті Түркістан қала­сында өткен “Әділетті Қазақстан – Адал азамат” атты ІІ Ұлттық құ­рылтай­да сөйлеген сөзінде: “Адал аза­матқа тән қасиеттер әрбір жас­тың бойынан табылуы керек, ұр­пақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кі­нәсі” – дей келе, Әділетті Қа­зақстанды құру жолында бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін атап өткен еді.

Білім беру ұйымдарында жа­ңа оқу жылынан бастап 2023-2025 жылдарға арналған “Біртұ­тас тәрбие бағдарламасы” іске асырылуда. Бұл құжат жалпы адамзаттық және ұлттық құнды­лықтар негізінде өскелең ұрпақ­ты тәрбиелеу сапасын артты­ру­ға бағытталған.

Биыл “Өрлеу” Біліктілікті арт­тыру ұлттық орталығы” АҚ-ның филиалы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруы­мен “Digital Urpaq” оқушылар са­райында “Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы: Z ұрпағын тәр­биелеу” тақырыбындағы респуб­ли­калық семинар өтті. Іс шара пле­нарлық отырыс, панельдік тал­қылау, сессиялық кезеңдер­де өтті.

Іс-шараға Алматы, Астана, Көк­шетау қалаларынан спикер­лер тартылды. Сондай-ақ арнайы келген “Өрлеу” Бі­ліктілік арттыру ұлттық орталы­ғы­ның үздіксіз дамуды қамтама­сыз ету департаментінің бас ма­маны Хабат Мәдениет білім мен тәрбие про­цесіндегі “Өрлеу” қызметінің рө­лін, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

Семинар аясында Астана қа­ласы Ы.Алтынсарин атын­дағы Ұлт­тық білім академиясының “Психология, тəрбие жəне тұлға­ны дамыту” орталығының дирек­торы, педагигока ғылымдары­ның кандидаты Анар Тәңірберге­нова “Табысқа жету жолы ретін­де бірыңғай білім беру бағдарла­масын жүзеге асыру” тақыры­бын­да баяндама оқыды. Бала­лар­ға жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды үйретуде әдіснамалық қолдау­дың маңыз­дылығына баса назар ау­дарып, цифрландыру дәуіріндегі бүгінгі білім беру бағдарлама­ла­рының сын-тегеуріндер мен мүм­кіндік­терін, технологияларды бі­лім бе­ру үдерісіне интеграция­лаудың негізгі мәселелерін нақ­ты атап көрсетті.

Z ұрпағы ата-анадан да, пе­да­гогтардан да ерекше көзқа­рас­ты талап етеді. Мектеп, от­басы және қоғам ара­сындағы ынтымақтастық өте маңызды. Сондықтан әлеуметтік өзара әрекеттесуінің табысты бо­луы үшін жас ұрпақтың заманға сай ерекшелігін қабылдауымыз қа­жет. Өскелең ұрпақтың ерек­шеліктеріне сай заманауи білім мен тәрбие берудің қиын­дық­тары мен мүмкіндіктері тура­лы семинарда “Өрлеу” Біліктілікті арттыру ұлттық орта­лығы” АҚ-ның филиалы Солтүс­тік Қазақ­стан облысы бойынша Кәсіби даму институтының ди­ректоры, педагогика ғылымда­рының кан­дидаты Ләйлә Әлма­ғамбетова баяндап берді.

Сондай-ақ Астана қала­сы­ның “Quantum Stem School” мек­те­бінің педагогтары өз мектепте­ріндегі оқу-тәрбие үдерісінде ата-аналардың өзара әрекетте­суіне, негізгі дағдыларды дамы­туға және Z ұрпағын болашақтың қиындықтарына сәтті дайындау­ға бағытталған бірнеше жо­ба­ларын алға тартты.

Аталған шара білім беру тәжірибесін мектеп бағдарла­ма­сынан тыс кеңейтуге және нақты кәсіби тәжірибеге жақын оқу ор­та­сын құруға ықпал етеді. Мұн­дай жобалар мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығай­туға септеседі. Өйткені ата-аналар білім беру үдерісіне бел­сенді қатысады және оқушы­лар­мен білімдерімен, тәжірибе­лерімен бөліседі.

Алматы қаласындағы “Отба­сы хрестоматиясы” қоғамдық қо­рының мүшесі Сейілбек Мырза­бай ұлт тәрбиесінің негізіндегі пе­дагог пен ата-ана рөлінің маңыз­дылығын ашып, адам өмірінің құндылықтарын жете түсінуді және іргетасы мықты, керегесі кең шаңырақтар қашанда көпке үлгі болатыны туралы “Бала­лықтан даналыққа: мектеп, IQ жəне жетістік” тақырыбында дә­ріс оқыды.

Семинардың практикалық бөлімінде жеті бағыт бойынша тренинг ұйымдастырылды. Мұн­да Z ұрпағының ерекшеліктеріне қарай тәрбие үдерісінің мәсе­ле­лері секциялар бойынша бөлін­ді. Әр секцияда белгіленген коор­динаторлар қатысушылар­мен бір­лесе іс-әрекетті зерттеу негі­зінде сұрақтарды тал­қылап, сол жө­нінде өз тәжіри­бе­сімен бөлісті. Әсіресе мұндай рес­пуб­ликалық шараларға педа­гогтар­мен бірге ата-аналардың тар­ты­луы да ерекше назарда болды.

Семинар қорытындысы бо­йын­ша еліміздің түкпір-түкпірі­нен келген педагогтардың мате­риалдарын қамтитын “Педагоги­калық ізденіс” ақпараттық ғылы­ми-әдістемелік журналының ар­найы басылымы шығарылды.

Мектеп балаға әлем­нің әр­түр­лілігі туралы білім бе­реді, сындарлы ойлау және қа­жетті дағдыларды қалыптас­ты­рады. Технологиялар мен ақпа­рат ағы­ны дәуірінде адамдар арасын­да­ғы жылы қарым-қаты­насты сақ­тау және жас ұрпақты тікелей қа­рым-қатынас, эмпатия және бір-бірін тыңдай және ести білуге үй­рету өте маңызды. Заманауи ұр­пақтың мектеп және отбасы­ның өзара әрекеттесуі арқылы тәр­бие­ленуі – ата-аналардың ма­хаб­баты немесе мұға­лімдер­дің даналығы баланың үйлесімді да­муында маңызды рөл атқара­ды. Бұл сенімге, қол­дауға және ортақ құндылықтарға негіздел­ген, тек білімді ғана емес, со­нымен қатар терең мо­ралдық тұлғаларды, эмпатия және ын­тымақтастыққа қабілетті адам­дарды тәрбие­леуге мүмкіндік береді.

Гүлмайда МҮСЕТАЕВА,

“Өрлеу”БАҰО” АҚ “СҚО КДИ филиалы” “Педагогика және пәндік әдістер” кафедрасының аға оқытушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp