«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әйелінің тегін алғандар шежірені қалай тарқатады?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қоғамдық дамуға тірек болып келе жатқан діңгек­тер­дің бірі – неке инсти­ту­ты. Әр ержеткен жігіт пен бой­жеткен қыз өз сы­ңарларын тауып, отба­сын құруға асы­ғады. Дегенмен салт-дәстүріміз басқаша сипат алып, тұрмысы­мыз өзгерген қазіргі за­ман­да үй болу да оңай іс емес.

Бұрынғыдай шағын той-домалақ жасап, некесін қиғызып тар­қайтын туыс жоқ. Үйленудің айна­ласында толып жатқан дәс­түр­лер, ырым-тыйымдар тым кө­бейіп кетті. Оның бәрін жөнімен атқарса бірнеше айға созылуы мүмкін. Екі жастың тойындағы түрлі салттар қоғам талқысына жиі түсіп, сына­лып та, мақталып та жатыр. Бет­ашар, қалыңмал тө­леу, сәлем са­лу сияқты салтта­рымыз да ел ау­зынан түспей ке­леді. Ал осы күні шаңырақ көтерген жастар­дың тегін тал­қылайтындар да кө­бейген. Оған се­беп әйелінің тегін алатын еркек­тердің көбеюі.

Деректерге сүйенсек, өткен жылы елімізде 164 ер адам әйе­лінің тегін алған. Мұндай қадамға бар­ған ерлердің саны бірен-са­­ран болса бұлай шошымас едім. Жүзден аса азаматымыз­дың жа­ры­ның тегін алғаны ты­нышымды кетірді. Заңдық негіз болғанымен дәстүрімізді аттап, қағынан жері­ген құландай қайын жұрттың тегі­не өту тектілігімізге сын емес пе?

Өмір болған соң түрлі жағдай орын алып жатады. Кейде біз күс­таналаған жайттардың аста­рын­да үлкен себеп жатуы мүм­кін. Алай­да осынша ер адамның бәрі қан­дай да бір салмақты се­беп­пен осындайға барды де­ген­ге сен­гім келмейді. Керісінше бұл ұлт­тық танымымыздан ажы­рау­дың, өт­кеннің бәрін өшіріп тас­тап, әркімге еліктеудің белгісі сияқты.

Халқымыз шежіреге үлкен мән берген. Кімнің қандай орта­дан шыққанын оның аталары­ның аты айтылғаннан-ақ біліп отыр­ған. Адамның тегі оның тек­тілігін көрсететін, өткенінен хабар бере­тін көрсет­кіш болған. Үлкендер ал­дына кел­ген жастың қандай еке­нін “Бәлен­шенің баласымын” де­генінен-ақ ұққан. Ал бүгінде тек­тілігімізді жо­ғалтпауға тірек бол­ған осы шежі­реміз кім көрінген­нің ермегіне ай­налып, өз атала­рын ұрандап, ру­ластарын маңы­на жинайтындар­дың құралы бо­лып кетті. Осының өзі аз болған­дай ерлеріміздің әйе­лінің тегін алуы ше­жіре мәселесін тіптен ушықты­рары анық. Сонда мұн­дай отба­сын­да туған бала өзі­нің жеті ата­сын нағашы жағынан тарата ма? Онсыз да осы күні на­ғашы атасы­ның тегін алған ұл-қыздарымыз көбейіп кеткен за­манда мұнымыз жығылғанға жұ­дырық болды.

Күйеу жігіттердің тегінен бас тартуына да түрлі себеп бар. Бі­реулері өз тегінің жағымсыз ес­тілетінін, айтуға қиын екенін ай­тып жатады. Енді біреулері өз ата-анасымен ара жібін үзгісі ке­летінін дәлел етеді. Осылайша өз жұрты жайлы естеліктерді са­на­дан өшіріп, жаңа өмір бас­тау­ға тырысады. Алайда ер адам­ның басқа жұртқа сіңуі әйелге қара­ғанда әлдеқайда қиын бо­ларын түсінбейді. Ертең “Күйеу ел бол­майдының” күні келсе осындай жастардың басына күн туары анық.

Кейбіреулер мұны ер мен әйел­дің теңдігі деп бөркін ас­панға атып жатыр. Алайда ға­сыр­лар бойы жалғасып келе жат­қан ата дәртүрлеріміз, шежіре­міз, те­гіміздің тазалығының жо­ға­ларын ескермейді. Түбінде ұлтты ұлт етіп сақтайтын басты белгісі – оның басқаларға еліктеп, әлем­дік тен­денциялардың со­ңы­нан қуа­лай жүгіргені емес, дәстүр-сал­тын сақ­тап қалуы. Неке инсти­ту­ты құл­дырап, ба­қыт­ты отбасын құ­ру қиынға ай­налған елдердің тә­жі­рибесі бізге үлгі бола алмайды.

Бұл ретте мен әйелдердің де ерінің тегін алуын қолдаушылар­дың қатарынан емеспін. Егер қа­лыңдық қайын жұртының тегін ал­ғысы келмесе, оны да қыста­ма­ған жөн. Әр адамның өз тегін­де қа­лу­ға хақы бар. Сондықтан туған-туыстың келіндерін өз те­гін алуға үгіттеп, қысым жасап, бүй­ректен сирақ шығарып жа­туына қарсы­мын. Бұдан бөлек, бүгінде екі жақ­тың да тегін бірге алып, қосарлы ат­пен жүретіндер де аз емес екен.

Бүгінде әлемге белгілі өнер жұлдыздары мен кәсіпкерлер өз әйелдерінің тегін алып, гендер­лік теңдік жайлы ұрандауда. Алайда гендерлік теңдік, әйелге құрмет­пен қарау дегеннің бәрі құжат жү­зінде емес, іс жүзінде кө­рінгені дұрыс. Егер азаматтары­мыз әйел затын қадірлеу туралы үзбей ай­тып, алайда іс жүзінде отбасын­да дау-жанжал туын­дап, әйелдер жәбір көріп жатса, құр сөздің ке­регі не? Адамның отбасына деген адалдығы, жа­рына деген ыстық сезімі тегін ауыстырғанынан емес, күнде­лік­ті жүріс-тұрысы­нан, ісінен көрі­нетінін ұмытпайық.

Гүлназ БАҒДАТҚЫЗЫ,

Петропавл қаласының тұрғыны.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp