«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.03.2024

ҒАЛЫМНЫҢ АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА

М. Қозыбаев атында­ғы Солтүстік Қа­зақ­стан университетінде Қа­­зақстанның еңбек сі­ңір­­­ген қайраткері, про­фес­сор, Қазақстан Жо­ға­ры мек­тебі ұлттық ғы­лым академиясының ака­деми­гі Зарқын Тай­шыбай атын­дағы дәріс­хананың ашы­лу салта­наты өт­ті. Атал­мыш іс-шараға зия­лы қауым өкілдері, про­фес­сордың шәкірт­тері және сту­денттер қа­тысты. Меймандар, ең алдымен, қа­лам­гердің кітаптары қойылған көр­мені тамашалады. Кейін ұла­ғатты ұстаздың өмір өткелдеріне арналған бейнефильм көрсетіл­ді. Зарқын Тайшыбай атындағы дәрісхананың …

ҒАЛЫМНЫҢ АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА Read More »

Жүк көліктерін шектеу

Өңірде көктемгі су тасқыны ке­зеңінде жол жабынын сақтау мақ­сатында жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылды. “ҚазАвтоЖол” Ұлттық компаниясы” акционерлік қо­ғамы облыстық филиалы бас­пасөз қызметінің мәліметінше, шектеу бір оське 8 тоннадан ар­тық салмақ түсетін жүк көлікте­ріне қатысты. Көлік және коммуникация ми­нистрінің “Қазақстан Республи­ка­сы республикалық маңызға ие жалпы қолданыстағы автокөлік жолдарында көлік құралдары­ның жүруін ұйымдастыру тура­лы” бұйрығына сәйкес …

Жүк көліктерін шектеу Read More »

Өнегелі отбасы

Облыс орталығында “Өне­гелі отбасы” байқауы ұйымдастырылды. Бұл шара хал­қымыздың жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсе­те отырып, олардың бойларына патриотизм, адамгер­шілік пен еңбекқорлық ұялатады. Қазақ халқында шаңы­рақ­­тың қадір-қасиеті айрықша. Ол аспан күмбезі, үй-жай, тірек, ба­қуаттылық пен қауіпсіздік, ұр­пақ­тар сабақтастығы мағы­насын береді. Шаңырақ – от­ба­сының бел­гісі. Сондықтан да қазақ хал­қы жас жұбайлардың отау құ­рып, ша­ңырақ көтеруіне ерекше мән …

Өнегелі отбасы Read More »

Дайындық қызу

Өңір басшысы Қызылжар ауда­нында су тасқынына дайындықты тексерді. Прибрежное ауылын­да­ғы орта мектепте орналасқан эва­куациялау пунктін аралады. Теп­личное ауылында инерт­ті мате­риал­дарды қаптау ба­рысын, су сору қондырғылары мен құралдар­дың дайындығын бақы­лады.Сондай-ақ өңір басшысы Бес­көл ауылында Есіл, Мамлют, Мағжан Жұ­мабаев, Жамбыл ау­дандары мен Петропавл қаласы әкімдері­нің, жауапты басшы­лардың қа­ты­суымен жиын өткіз­ді.– Қазір ауа райы жылынып, қар еріп жатыр. …

Дайындық қызу Read More »

Бақылау қатаң

Қызылжар өңірі әлемнің 30 елі­не карантинге жатқызыла­тын өнім түрлерін экспорттай­ды. Облыстық аумақтық инспек­ция басшысының орынбасары Марат Шакимовтың айтуынша, Ресеймен шекаралас аумақ­тар­да төрт фитосанитарлық ба­қылау бекеті орналасқан. Бұл жерлерде өсімдіктер, олардың тамыры, кесілген гүлдер мен кө­көніс, саңырауқұлақ, тағы басқа карантинге жатқызылатын өнім түрлері тексеріледі. Өткен жы­лы тиісті құжаттардың болма­уына байланысты 575 тонна жә­не 120 текше метрден …

Бақылау қатаң Read More »

ЖАҢА МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданына жұмыс сапа­рымен барды. “Наурызнама” онкүндігі аясында қарияларға арналған “Надеж­да” орталығында аға буын өкілдерімен кездесіп, қарттарды Ұлыстың ұлы күнімен құт­тықтады. Бұдан кейін әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға ар­налған көпқабатты үйден баспана алған қуаныш иелерінің шаңырағына барып, қоныстоймен құттықтады. Өңір басшысы ауданда көк­темгі су тасқынына дайындық шараларын тексерді. Тайын­ша, Аққайың, Ақжар …

ЖАҢА МЕКТЕП САЛЫНАДЫ Read More »

Жаңа жылмен бірге келген жыр көші

Кешегі Шал ақын, Шөже, Орын­бай, Ақан сері, Үкілі Ыбырайлар ғұ­мыр кешкен киелі мекенде жырдың көші әманда үзілмек емес. Ғасыр­лар бойы ән мен жырға бесік бол­ған Қызылжар халқының да қара өлеңге деген ықыласы ерекше. Жыл сайын өңірде өтетін аламан айтыстарда залға лық толып отыратын сөзұғар көрермен – со­ның дәлелі. Қазақтың аузы дуалы, сөзі уәлі ақындары да …

Жаңа жылмен бірге келген жыр көші Read More »

“Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс”

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзі Құрметті қауым! Ардақты ағайын! Ең алдымен, мен баршаңызға Көрісу күні құтты болсын дегім ке­леді. Қыстан аман-есен шыққан ту­ған-туыс, ағайын бір-бірімен қауы­шып жатыр. Ел арасында Көрісу күні еліміздің батыс аймағына тән мереке деген түсінік бар. Бірақ бұл қазақтың көнеден келе жатқан дәс­түрі екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан …

“Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс” Read More »

АУЛАДАҒЫ ӘЗ-НАУРЫЗ

Наурыз мейрамына арналған мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аясында мерекелік іс-шаралар қаламыздағы көп­қабатты үйлердің аулаларында ұйымдас­тырылды. Тұрғындар бірігіп, ор­тақ дастарқан жайып, концерт қойды, ұлттық ойындар өткізді. Сондай мерекенің бірі – Жам­был көшесі, 80 мекенжайындағы үйдің ауласында өтті. Өңір бас­шы­сы Ғауез Нұрмұхамбетов аулаға жиналған қа­ла­лықтарды Наурыз мейрамы­мен құттықтап, бірлесе ұйымдас­ты­рылған мереке үшін алғысын білдірді. – Бес …

АУЛАДАҒЫ ӘЗ-НАУРЫЗ Read More »

ЖАТ АҒЫМНЫҢ ЖЕТЕГІНДЕ КЕТКЕНДЕР КӨП

Радикалды жат ағымдар күллі әлемді алаңдатып отырғандықтан, оларға тосқауыл қоюдың жолдарын жан-жақты қа­растырудың мәні айрықша. Бұл орайда, рухани-адамгершілік құндылығымыздың ажырамас бір бөлігі бо­лып табылатын, қазақтың ұлттық дәстүрлерімен тамырлас, руханиятымызға етене жақын, түпта­мыры әріден басталатын дәстүрлі дінімізді жұртшылық арасында кеңінен насихаттаудың, оған қатысты ке­шенді іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастырудың маңызы зор. Жасыратыны жоқ, арамызда ислам атын жамылып …

ЖАТ АҒЫМНЫҢ ЖЕТЕГІНДЕ КЕТКЕНДЕР КӨП Read More »

Сөздерінде жалын бар

Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда Наурыз мейрамына арналған “Ұлыс күні – ырыс күні” атты облыстық оқушылар айтысы өтті. Сөз сайысына қатысқан өрендер қазақтың төл мейрамы жайлы әсерлі шумақтар айтып, жиналғандарды бір серпілтіп тастады. – Біз облыстық деңгейдегі оқу­шылар айтысын алғаш рет ұйымдастырып отырмыз. Бұл – мектебіміз үшін үлкен мәртебе. Білім ордасында жас ақындар үйірме­сі …

Сөздерінде жалын бар Read More »

Бельгердің скрипкасы

Петропавл гуманитар­лық-техникалық колледжі жа­нындағы жазушы Ге­рольд Бель­гер атындағы музейде 120-ға жуық жәді­гер бар. Со­лардың бірі – көне скрип­ка. Музей жетекшісі Ақнұр Қаже­нованың айтуынша, аталмыш жә­дігерді білім ордасына жазушы­ның Мәскеуде тұратын қызы, акт­риса, режиссер, продюсер Ири­на Ковалева 2017 жылы табыс­тапты. – Атамыз Карл Фридрих Бель­гер көзі тірісінде бірнеше музыка­лық аспапта ойнаған. Бұл – сол кі­сінің скрипкасы. …

Бельгердің скрипкасы Read More »

Алпамыс батыр балаларға ұнады

Сәбит Мұқанов атындағы об­лыстық қазақ сазды-драма теат­рында Наурыз мерекесіне орай балаларға арналған “Жақ­сылыққа жаршы болған Наурыз” атты ойын-сауық шарасы ұйымдастырылды. “Алпамыс батыр” жырының желісі бойынша сах­наланған қойылымда балаларға жеті қазынаның мәні, асық ату, арқан тартыс, ақсүйек ойындарының тәртібі түсіндірілді. Ойын соңында Ұмай ана кейпін­дегі актриса аластау дегеннің не екенін көрсетсе, Қыдыр ата ба­лаларға ақ батасын …

Алпамыс батыр балаларға ұнады Read More »

АУДАНДАҒЫ ІЛКІМДІ ІСТЕР

Есіл ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Мәдениет үйінде тұрғындармен кездесті. Жиында ауданды дамыту жоспары және өзге де өзекті мәселелер талқыланды. Жеті ауылдың ішкі, алты елді мекенге кіреберіс жолдың жөнделетіні айтылды, жергілікті атқарушы органдарға бірқатар міндеттер жүктелді. Ғауез Торсанұлы алдымен өт­кен жылдың аяғында қазығы қағылып, биыл мамыр айында іске қосылуы тиіс асфальтбетон зауытының …

АУДАНДАҒЫ ІЛКІМДІ ІСТЕР Read More »

Қуатты армия – тыныштық кепілі

Ұлттық ұлан академиясының ұйымдастыруымен С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында “Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери білім беруді дамыту” тақырыбы бойынша алтыншы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Алқалы басқосу Ресей, Бе­ларусь, Өзбекстан, Тәжікстан мем­­лекеттері өкілдерінің, Қа­зақ­­станның жоғары оқу орын­да­ры профессорлық-оқытушылық құрамының, ғалымдар­дың, әс­кери құрылым офицер­ле­рінің, таяу шетел докторант­та­рының, ас­пиранттар мен ма­гистрант­тар­дың қатысуымен өтті. Қазіргі кезеңде тактиканы …

Қуатты армия – тыныштық кепілі Read More »

АМАЛ — ЫНТЫМАҚ МЕРЕКЕСІ

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясында әз-Наурыздың бастауы саналатын Көрісу күні атап өтілді. Аталмыш іс-шараға өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қатысып, ақсақалдар және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесіп, жүрекжарды лебізін жеткізді. – Мереке баршамызға құтты болсын. Осы аптада өңірімізде Нау­рыз мейрамына арналған көп­теген шаралар ұйымдасты­рылады. Соның алғашқысы – Кө­рісу күні. Бұл – халқымыздың дәс­түрі бойынша қарияларға, үл­кен кісілерге сәлем …

АМАЛ — ЫНТЫМАҚ МЕРЕКЕСІ Read More »