«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУДАНДАҒЫ ІЛКІМДІ ІСТЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Есіл ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Мәдениет үйінде тұрғындармен кездесті. Жиында ауданды дамыту жоспары және өзге де өзекті мәселелер талқыланды. Жеті ауылдың ішкі, алты елді мекенге кіреберіс жолдың жөнделетіні айтылды, жергілікті атқарушы органдарға бірқатар міндеттер жүктелді.

Ғауез Торсанұлы алдымен өт­кен жылдың аяғында қазығы қағылып, биыл мамыр айында іске қосылуы тиіс асфальтбетон зауытының құрылысын бақыла­ды. Мұнда ірі, ұсақ түйіршікті және қиыршық тасты-мастикалық асфальтбетон өндірілетін болады. Ауқымды жобаның құны – 800 млн. теңге. Бас мер­дігер “Қызылжар Жолдары KZ” ЖШС, кәсіпорын іске қосылған соң республикалық маңызы бар жолдарды да қалыпқа кел­тірмек.

Облыстық жолаушылар кө­лігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ерден Шортыбаевтың айтуынша, Покровка – Николаевка, Мамлютка – Қос­танай және Булаево – Рощинск, сондай-ақ Волошинка бағы­тындағы жолдар жөнделмек.

Бұдан кейін өңір басшысы су тасқынын болдырмау мақ­сатында атқарылып жатқан ша­ралардың жай-жапсарымен та­нысты. Аудан аумағында 8 ауыл­ды қарғын су шайып кету қаупі бар. Тасқынның алдын алу үшін 27,3 млн., Явленка ауылының жолдарын қысқы күтіп-ұстауға 9,5 млн., қарды тазалауға 10 млн. теңге қарастырылған.

Аудандық төтенше жағдай­лар бөлімінің жетекшісі Жұлдыз Есенғазин 43 мың текше метр қар шығарылғанын, 120 су өт­кіз­гіш құбыр тазартылғанын, қо­сымша 6 мотопомпа сатып алынғанын жеткізді. Ауылдық округтерде 12 мотопомпа, 63 ин­женерлік техника әзір.

Покровка ауылында орна­ласқан Жәлел Қизатов атында­ғы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі былтыр бір ғасырлық мерейтойын атап өткен бола­тын. Қарашаңырақта 9 маман­дық бойынша 564 студент, оның ішінде 416-ы күндізгі, 148-і сырт­тай бөлімде оқиды. Ауыл шаруашылығына қажет мал дә­рігері, агроном, ауыл шаруашы­лығын механикаландыру, орманшы, есепші, аспаз, дәне­кер­леуші мамандары даярланады.

Колледж директоры Бейім­бет Бұғасов студенттерге бар­лық жағдай жасал­ғанын баяндады. “Жас маман” жобасы аясында 321 млн. теңге бөлініп, материалдық-техникалық база жақсарған. Кабинет­тер заман талабына сай жаб­дықталған. Әдебиет қоры бай кітапхана, Led экраны бар акт залы жұмыс істейді. Осындағы шағын сүт зауытында тәулігіне жарты тоннадай өнім өңделіп шығарылады. Түлектер жұмыс үдерісіне тікелей араласып, бі­лімдерін тәжірибе жүзінде де шыңдай алады.

Ауданның 8 ауылын басып өтетін Покровка – Ильинка – Мектеп бағытындағы жолды қалпына келтіру биыл аяқта­лады. Бөлінген 1,3 млрд. теңге­нің 652 млн. теңгесі игерілген. Мердігер ұйым автожолдың 10 шақырымына фрезерлеу әдісін қолданып, су өткізгіш құбырлар орнатқан. Петровка мен Чири­ковкада фельдшерлік акушер­лік пункт, Николаевкада дәрігерлік амбулатория салынады. Үш ауыл мектебі жаңарып, Бір­лікте су желілері тартылады.

“Қалпына келтіру жұмыс­тарын жедел атқарған мердігер мекемелерге алғысымызды білдіреміз. Енді су тасқыны жол­ды шайып кетеді деп уайымда­маймыз”, – деді Александровка елді мекенінің тұрғыны Ольга Го­рошко.

Заградовка ауылдық окру­гінде жұмыс істейтін “Загра­довское” және “ Прометей агро” ЖШС қызметкерлердің өмір сүру сапасын жақ­сартуды басты назарда ұстайды. Тынығушылар үшін мәде­ниет және спорт нысандарының есігі айқара ашық. Сүт фермасы жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз еткен.

Облыс әкімі шаруашылық пен медициналық мекемеде еңбек ететін Серкелбай мен Роза Жантуғановтардың отбасында болып, үй иелерін келе жатқан Наурыз мерекесімен құттық­тады.

Өңір басшысы осында сыйымдылығы 20 мың тоннаға арналған шағын элеватордың, сабанмен қыздырылатын қа­зандықтың жұмысымен та­нысты.

Руслан ҚҰСАЙЫНОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp