«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қуатты армия – тыныштық кепілі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлттық ұлан академиясының ұйымдастыруымен С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында “Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери білім беруді дамыту” тақырыбы бойынша алтыншы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Алқалы басқосу Ресей, Бе­ларусь, Өзбекстан, Тәжікстан мем­­лекеттері өкілдерінің, Қа­зақ­­станның жоғары оқу орын­да­ры профессорлық-оқытушылық құрамының, ғалымдар­дың, әс­кери құрылым офицер­ле­рінің, таяу шетел докторант­та­рының, ас­пиранттар мен ма­гистрант­тар­дың қатысуымен өтті. Қазіргі кезеңде тактиканы жетілдіру, дағ­дарыс жағдайла­рында қыз­меттік-жауынгерлік міндеттерді же­дел атқару, ма­ңызды әскери және мемлекет­тік объектілерді кү­зету мен қор­ғаудың иннова­циялық-технологиялық жолда­ры мен құ­ралдарын енгізу жайы ай­тылды.

Сонымен қатар жоға­ры оқу орындарының білім беру үдері­сін жаңғырту, цифрлан­дыруды тездету, әскери кадр­ларды даярлау кезінде оларды инте­грациялау, бөлімшелердің қыз­меттік-жауынгерлік әзірлігін жетіл­діру, әскери ұйымдар қыз­метінің сипатына ғылыми-техникалық дамудың әсері, халық­ара­лық ынтымақтастық пен ал­дағы перспективалар талқыланды.

Жиынды ашқан Ұлттық ұлан ака­демиясының бастығы – полковник Артур Тоқышев конфе­ренцияға қатысушыларды құт­тықтап, сәт­тілік тіледі.

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр өткен Бүкіл­ар­мия­лық кеңесте туған елдің тәуел­сіздігін және бейбіт өмірін қорғау мемлекеттілігіміздің мыз­ғымас тірегі – Қарулы Күштері­міз­дің қасиетті парызы екенін ерекше атап өтті. Армияның кә­сіби әзірлігіне, заманауи қару-жарақпен, озық технологиямен жабдықталуына әскери ака­де­мия­лардың, институттардың за­ман талабына бейімделіп, әлем­дік стандарттарға сай келуіне баса назар аударды. Бәрі­міз әс­керіміздің әлеуетті болуын, ұтқырлығын қалаймыз. Бұл орайда, сардарлар мен сар­баздар­дың біліктілігі де айрықша рөл ат­қарады”, – деді Артур Тоқышев.

Ішкі істер министрінің орын­басары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы, генерал-лейте­нант Еркін Ботақанов, Қорғаныс министрлігіне қарасты Ұлттық уни­­верситет әскери-ғылыми орталығының бастығы, әскери ғы­лымдар докторы, генерал-майор Жұмабек Ахметов, Ресей Феде­рациясының Тара қала­сын­­дағы Омбы мемлекеттік пе­дагоги­ка­лық университеті фи­лиа­лының директоры, педагоги­ка ғылым­дарының кандидаты, доцент Людмила Берестов­ская, М.Қо­зы­баев атындағы Сол­түстік Қазақстан универси­теті басқар­ма төрайымы-рек­то­рының мін­де­тін атқарушы Рената Аперге­нова игі тілек­терін жол­дап, тал­қылан­ғалы отырған та­қы­рыптың ма­ңыз­дылығына тоқтал­ды.

М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми мәселелер жөніндегі орынбасары, PhD докторы Ер­лан Балымов, Ресейдің Ұлт­тық гвардия әскери институтының про­фессоры, техника ғылым­да­рының докторы Василий Кам­люк, С.Нұрмағамбетов атындағы әскери институттың кафедра меңгерушісі Әлихан Молдаға­лиев, Беларусь Республикасы әс­кери академиясының аға оқытушысы, әділет майоры Олег Лемишевский, Ұлттық ұлан ака­де­миясының профессоры, ме­дицина ғылымдарының докто­ры Жанбатыр Сартаев, №6654 әс­кери бөлімінің командирі Жан­дос Қасымов, тағы басқалары баяндама жасап, әскери қыз­меттің беделі мен жауынгерлік мәртебесін арттыруға, әскерді пайдалану тиімділігін нығайту­ға, озық үлгілерді белсенді қол­дануға қатысты ой-пікірлерімен бөлісті.

Халықаралық конференция қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге бейімделген оқытудың тиімді стратегияларын қалыптастыру үшін әскери және білім беру инс­титуттары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту идеяларын айтуға, озық тәжірибелер алма­суға, қатысушылар арасында кәсіби байланыстар же­лісін ор­натуға бірегей мүмкіндік берді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp