«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алпамыс батыр балаларға ұнады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы об­лыстық қазақ сазды-драма теат­рында Наурыз мерекесіне орай балаларға арналған “Жақ­сылыққа жаршы болған Наурыз” атты ойын-сауық шарасы ұйымдастырылды. “Алпамыс батыр” жырының желісі бойынша сах­наланған қойылымда балаларға жеті қазынаның мәні, асық ату, арқан тартыс, ақсүйек ойындарының тәртібі түсіндірілді. Ойын соңында Ұмай ана кейпін­дегі актриса аластау дегеннің не екенін көрсетсе, Қыдыр ата ба­лаларға ақ батасын берді.

Жарты сағаттық қойылым ба­лаларға қатты әсер етті. Олар кейіпкерлер шынайы өмірде бар­дай қабылдап, жалмауыз кем­пірдің ісіне жиіркене қарап, тұтқынға түскен Гүлбар­шынға аяушылық танытып, Алпамыс батырға қолдау көр­сет­ті.

– Амал мерекесіне орай ұйымдастырылған бұл шара­ның негізгі мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақтың са­насына ұлттық құндылықтарды сіңіру. Қазіргі балалар “Өрмекші адам” сынды шетелдік кейіп­керлермен санасын улап, со­лар­дың киімін іздеп жүріп сатып алады. Оның орнына өз батыр­ларымызға еліктеп, “тілім – тіре­гім, жерім – жүрегім” дейтін рух­ты жастар тәрбиеленсе деген мақсатпен осы шараны ұйым­дастырдық, – дейді театрдың көркемдік жетекшісі Дәурен Тойбазаров.

Сержан НҰРТОЛҚЫНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp