«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЛАДАҒЫ ӘЗ-НАУРЫЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Наурыз мейрамына арналған мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аясында мерекелік іс-шаралар қаламыздағы көп­қабатты үйлердің аулаларында ұйымдас­тырылды. Тұрғындар бірігіп, ор­тақ дастарқан жайып, концерт қойды, ұлттық ойындар өткізді.

Сондай мерекенің бірі – Жам­был көшесі, 80 мекенжайындағы үйдің ауласында өтті. Өңір бас­шы­сы Ғауез Нұрмұхамбетов аулаға жиналған қа­ла­лықтарды Наурыз мейрамы­мен құттықтап, бірлесе ұйымдас­ты­рылған мереке үшін алғысын білдірді.

– Бес мың жылдық тарихы бар мереке ұлттық рухани байлығы­мызды сақтай отырып, салт-дәстүр мен әдет-ғұрып арқылы ха­лықты біріктіріп, ұрпақтар сабақ­тастығын нығайтады. Халықтар достығы мен ынтымақтастығы­ның символына айналған ұлық ме­реке қазіргі қазақ қоғамында ке­ңінен аталып өтілуде. Қазақстан­да тұратын жүзден астам этнос өкілдерінің Наурыз мерекесін бір­ге тойлағаны қуантпай қоймайды. Қаламыз күннен-күнге өркендеп, еліміз гүлдене берсін, – деді об­лыс әкімі.

Адамдарды бірлік пен достық­қа үндейтін мереке күні тұрғындардың жүзінен мейірім төгіліп тұрды. Аға буын өкілдері дәмнен ауыз тиіп, сахнада ән шырқалса, жастар алтыбақан теуіп, балалар алаңсыз ойнап жатты.

– Біз Наурыз мейрамын өткен жылы да сән-салтанатпен атап өт­кен едік. Аулада атап өту дәстүрін қайта жаңғыртпақпыз. Тұр­ғындарды бірлікке үндейтін мерекенің берері мол, – деді қала тұр­ғыны Сәуле Төлеубергенова.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp