«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданына жұмыс сапа­рымен барды. “Наурызнама” онкүндігі аясында қарияларға арналған “Надеж­да” орталығында аға буын өкілдерімен кездесіп, қарттарды Ұлыстың ұлы күнімен құт­тықтады. Бұдан кейін әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға ар­налған көпқабатты үйден баспана алған қуаныш иелерінің шаңырағына барып, қоныстоймен құттықтады.

Өңір басшысы ауданда көк­темгі су тасқынына дайындық шараларын тексерді. Тайын­ша, Аққайың, Ақжар және Уә­лиханов аудандары әкімдерінің және жауапты басшылардың қа­тысуымен кеңес өткізді. Биыл Заречное ауылына апаратын жол күрделі жөндеуден өтіп, Шағалалы өзе­ні арқылы жаңа көпір салына­ды. Бұл көктемгі су тасқыны ке­зінде ауылға үздіксіз қатынасты қамтамасыз етпек.

Облыс әкімі аудандағы әлеу­меттік және өндірістік ны­сан­дарды аралады. Полиэти­лен құбырларын шығаратын кә­сіпорынның жұмысымен та­ныс­ты. Ауданаралық ауруха­на­ға да барып, дәрігерлер­мен кездесті. Биыл емханаға күр­делі жөндеу жүргізу жоспар­ланған, заманауи ангиограф пен МРТ алынады. Аудан орта­лығында жабық мұз айдыны ашылып, қысқы спорт түрлері­мен айналысуға жағдай жа­салды.

Ғауез Нұрмұхамбетов Дра­гомировка ауылына да соқты. Мұнда биыл апатты білім оша­ғы­ның жанынан жаңа мектептің құрылысы басталады. Қазір ба­лалар уақытша бұрынғы бала­бақшаның ғимаратында білім алуда. Өңір басшысы мердігер мен жауапты басшыларға құ­рылысты уақытында және са­па­лы жүргізуді тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp