«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жүк көліктерін шектеу

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде көктемгі су тасқыны ке­зеңінде жол жабынын сақтау мақ­сатында жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылды. “ҚазАвтоЖол” Ұлттық компаниясы” акционерлік қо­ғамы облыстық филиалы бас­пасөз қызметінің мәліметінше, шектеу бір оське 8 тоннадан ар­тық салмақ түсетін жүк көлікте­ріне қатысты.

Көлік және коммуникация ми­нистрінің “Қазақстан Республи­ка­сы республикалық маңызға ие жалпы қолданыстағы автокөлік жолдарында көлік құралдары­ның жүруін ұйымдастыру тура­лы” бұйрығына сәйкес биыл V кли­маттық аймақта 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында, ІV климат­тық аймақта 23 наурыз бен 1 ма­мыр аралығында қозғалысқа уа­қытша шектеулер енгізіліп отыр. Атап айтқанда, М-51 “Челябі-Новосібір”, М-36, “РФ шекара (Ека­теринбург бағыты)-Алма­­ты”, Р-49 “Петропавл қаласын ай­налып өтетін жол”, А-1 “Астана-Петропавл”, А-12 “Петропавл-Соколовка-РФ шекарасы” (Ишим қаласы бағыты), А-13 “Көкшетау-Кішкенекөл-Бида­йық-РФ шекарасы” (Омбы бағы­ты), Р–57 “Петерфельд-Ар­хан­гельское-Новокаменка-Жезқазған-Петропавл” сынды бағыттарда жүк көліктерінің жүруі шектеледі.

Бұл жолдарда қазіргі уа­қытта “ҚАЖсервис” жауап­кершілігі шектеулі серіктестігі уа­қытша жол белгілерін орнатып жатыр. Барлығы 147 белгі ор­натылады.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp