Өңір басшысы Қызылжар ауданында су тасқынына дайындықты тексерді. Прибрежное ауылындағы орта мектепте орналасқан эвакуациялау пунктін аралады. Тепличное ауылында инертті материалдарды қаптау барысын, су сору қондырғылары мен құралдардың дайындығын бақылады.
Сондай-ақ өңір басшысы Бескөл ауылында Есіл, Мамлют, Мағжан Жұмабаев, Жамбыл аудандары мен Петропавл қаласы әкімдерінің, жауапты басшылардың қатысуымен жиын өткізді.
– Қазір ауа райы жылынып, қар еріп жатыр. Жауапты басшыларға су тасқыны кезеңінде тәуекелдерді барынша азайту үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырдым, – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.