«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сөздерінде жалын бар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда Наурыз мейрамына арналған “Ұлыс күні – ырыс күні” атты облыстық оқушылар айтысы өтті. Сөз сайысына қатысқан өрендер қазақтың төл мейрамы жайлы әсерлі шумақтар айтып, жиналғандарды бір серпілтіп тастады.

– Біз облыстық деңгейдегі оқу­шылар айтысын алғаш рет ұйымдастырып отырмыз. Бұл – мектебіміз үшін үлкен мәртебе. Білім ордасында жас ақындар үйірме­сі жұмыс істейді. Өлеңге құштар, домбыра тартуға әуес балалар­дың көбейіп келе жатқаны қуан­тады, – деді гимназия ди­рек­то­ры Күлтай Мұқанова.

Сөз додасына қатысқан та­лап­керлер айтысқа ерекше дайындықпен келгендерін отты ойлары, жарасымды әзілдері ар­қ­ылы дәлелдей білді. Айтыс кө­рермендері Мамлют аудандық өнер мектебінің шә­кірті Тоғжан Төлегеннің өнеріне риза болды.

Қазылар алқасының шешімі­мен үшінші орынды Абай атын­дағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының оқушы­сы Мәдина Серік, Жамбыл ау­данының намысын қорғаған Ане­ля Серікбай, Абай атындағы ма­мандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы Ернар Дүйсен, екінші орынды Сафуан Шаймерденов атындағы қала­лық классикалық гимназияның оқушысы Елдана Біржан, Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының оқу­шысы Нұрғиса Қайыртай алса, бірінші орынға айтысты ұйымдастырған білім ордасы­ның оқушысы Әзиз Ақжарқын­ұлы ие болды. Айтыстың бас жүлдесі мамлюттік Тоғжан Төлегенге табыс етілді. Сөз сайысы­на қатысқан оқушыларға ақша­лай сыйлық пен Алғыс хаттар табысталды.

– Мен айтыс сахнасына ал­ғаш рет шықтым. Қарсыласым – Жалғас Қаби екеуіміз ауылдың қызы мен қала баласының айты­сын жасадық. Қарсыласым осал болған жоқ, – дейді Тоғжан Тө­леген.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp