«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бельгердің скрипкасы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл гуманитар­лық-техникалық колледжі жа­нындағы жазушы Ге­рольд Бель­гер атындағы музейде 120-ға жуық жәді­гер бар. Со­лардың бірі – көне скрип­ка.

Музей жетекшісі Ақнұр Қаже­нованың айтуынша, аталмыш жә­дігерді білім ордасына жазушы­ның Мәскеуде тұратын қызы, акт­риса, режиссер, продюсер Ири­на Ковалева 2017 жылы табыс­тапты.

– Атамыз Карл Фридрих Бель­гер көзі тірісінде бірнеше музыка­лық аспапта ойнаған. Бұл – сол кі­сінің скрипкасы. Ал әкем жазу­дан бас алмайтын. Оның қандай да бір аспапты тартқанын көрген емеспін, – дейді Ирина Героль­довна.

Ақын Жарасбай Нұрқанов “Үл­кен кісі” атты естелігінде Карл Фридрихтің Шал ақын ауданы­ның көптеген тұрғынына “екінші өмір сыйлаған” ақхалатты абзал жан болғанын әсерлі жазған. Жерлес­тері қаламгердің әкесінің ауыл ба­лаларының ерік-жігерін жанып, оларды музыкалық ас­паптарда ойнауға баулығанын бүгінге дейін мақ­танышпен ай­тады.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp